Сахна саңлағы (8 сынып, IV тоқсан )

 Сахна саңлағы (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Сахна саңлағы
Оқу мақсаттары: О8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• Әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпаратты салыстырып қорытынды жасау.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойып, сол сұрақ төңірегінде ойландырыңыз:
• Саңлақ сөзін қалай түсінесің?
• Өнер саңлағы болу үшін адам бойында қандай қасиет болуы керек?
• Өнер адамдарының бойында қандай ерекше қасиет болуы керек? Неліктен?
• Өнер саңлақтарынан кімді құрмет тұтасың?Неліктен?
Мәтінмен жұмыс кезеңі
1-тапсырма.
Оқушылар мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап береді(жұптық жұмыс).
Сахна саңлағы Серке Қожамқұлов жайындағы сөзді қазақ халқының жаңа тарихына көз жүгіртуден бастағым келеді. Өйткені қазіргі ең үлкен сахна шебері еліміздің ағасы Қожамқұлов — тарихымыздың куәгері ғана емес, қайта түлеген көркемөнеріміздің кеш бастаушыларының бірі, шоқтығы биік ірі тұлғасы. Биыл біз қазақ сахна өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының елу жылдық мерекесін тойлауға қамданып жатсақ, бүгін Серке Қожамқұловтың 80 жасымен қоса оның өнер саласындағы алпыс жылдық еңбегінің мерейін тойлап отырмыз. Демек, халқымыздың кенже туған сахна өнері Серке Қожамқұловтың есімімен егіз, не бары жарты ғасырда бүгінгі әлемдік сахна өнерінің ілгері сатысына қосылған маңдай театрымыз — Серке Қожамқұловтың есімімен егіз....
1. Серке Қожамқұловтың 80 жасымен қоса келген қандай мерейтой?
2. Халқымыз әрқашан қандай өнер иелерін аса құрметтеген?
3. Серке Қожамқұлов ұлы қозғалыстың қажетіне жас өнерін неліктен аямай жұмсаған?
4. Мақала авторы неліктен Серке Қожамқұловтың өнеріне ерекше ілтипатпен қарайды?
2-тапсырма.
Оқушыларға газет-журналдар таратылады. Танымал өнер адамдары туралы ақпараттарды іріктейді және салыстырады. Әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпаратты салыстырып, өзіндік қорытынды жасайды.
Бағалау критерийі:
Әр түрлі ақпарат көздерінен ақпарат жинау
Дескриптор Балл
Білім алушы:
Деректерді дәлелдеу
Оқушылар «Сахна саңлағы» туралы жоғарыдағы мақаласымен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады
Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:
• мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
• автор туралы мәлімет келтіру;
• мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
• деректерге сілтеме жасау;
• мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
• мақалаға баға беру.
4-тапсырма.
АРА СТИЛЬ және оны қолдану аясы туралы таныстырып, жұптық тапсырма (ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдардан алынған қажетті материалдарға сілтеме жасау т.б.) беріледі:....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру