Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы (7 сынып, II тоқсан )

 Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Сабақ тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А2; Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Мәтінді түсінеді;
Көтерілетін мәселе мен көзқарасты талдайды;
Мәселені талдауға қатысады.
Көптеген оқушылар
Мәтінді түсініп, мәселені анықтайды;
Автор көзқарасын талдайды;
Мәселені талдауда жеке пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
Өзіндік көзқарасын толық жеткізеді;
Автор көзқарасы мен мәселені жан-жақты талқылайды.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру:
-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру;
Оқушыларға тақырыпты болжатуға өлең жолы ұсынылады.
Бұл аспап-баба көзі, ата мұра,
Қазақ үшін тегі бар ма бағалы да.
Тербеліп кетсе, шектерін теріп берген,
Теңіз күйлер төгеді алабында.
Оқушылар пікірі тыңдалады.
Бағалау критерийі таныстырылады:
Бағалау критерийі Дескриптор
оқушы
Мәтінде көтерілген мәселе мен көзқарасты талдайды.
Мәселе мен көзқарасты анықтайды
Талдауға қатысады
Талдау барысында ойын дәлелді жеткізеді
Тыңдалымалды тапсырмасы
СЖ
Оқушылар арасында домбыра тақырыбында бұрынғы білімдерін анықтау мақсатында ауызша интервью алу. Жеке монолог, диалог және полилог түрінде сөйлеуіне мүмкіндік жасау.
Тыңдалым.
С. «Ұлтымыздың ұлы аспабы» тақырыбында домбыра жасаудың қыры мен сыры және домбыра жасау шеберлері туралы бейнекөріністі көріп тыңдайды.
Ж. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасымен жұмыс.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша сыныпты алты топқа бөліп, алты сұрақпен жұмыс жүргізу.
1-топ Ақ қалпақ
Тыңдалым мазмұны бойынша автор көзқарасын анықтайды.
2-топ Сары қалпақ
Қарастырылып отырған мәселенің позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу
3-топ Қара қалпақ
Бейнежазбадан түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті ойды анықтап және себебін түсіндіру.
4-топ Қызыл қалпақ
Тыңдалым мазмұнынан кейінгі көңіл-күйіндегі өзгерісті өзге құбылысты сәттермен байланыстыра ой білдіру.
5-топ Жасыл қалпақ
Тыңдалым мазмұны бойынша жаңалықтар тізбегін құру.
6-топ Көк қалпақ
Басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап, өз тобына қайта оралып, жинаған материалды пысықтайды, қорытып соңғы сөзді айту.
Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру