Көшпенділер мәдениеті (7 сынып, I тоқсан )

 Көшпенділер мәдениеті (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Көшпенділер мәдениеті
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
Сабақ мақсаты:
Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра отырып, ұсынылған тапсырма жанрына сай жазба жұмыстарын орындау.
Сабақ барысы: Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады, кезекшімен жұмыс.
Оқушыларды 3-ке санату арқылы 3 топқа бөлу.
Жанрлар туралы анықтама бұрышы. Жанр түрлерін түсінуде мұғалім мен оқушы бірлесе жұмыс істейді.
Күнделік жанры: Француз жазушысы Жюль Ренар: «Күнделік – адам жанының айнасы» деген. Ал, surak-zhauap.kz сайтында Айдана есімді бойжеткен: «Күнделік-күнделікті өмірің! Әрбір адам өзіне күнде есеп беріп отырса, өмірде қателігі аз болады. Күнделік сенін сырласың, әрі досың.
Интервью жанры: көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіндірмелі интервью болып екіге бөлінеді.
Әңгіме жанры: оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Жазылым тапсырмасы:
Астана қаласында «Көшпенділер мәдениеті» атты көрме өтіп жатыр
Тапсырма түрлері:
1-топ. Күнделік жазыңыз. Сіздер осы көрмені тамашалауға келген 7-сынып оқушыларысыздар. Мұғалім сіздерге көшпенділер өмірінен алған мәліметтеріңізді күнделікке түсіруді тапсырды. Сөз көлемі-120 сөз.
2-топ. Интервью жазыңыз. Сіз өзіңізді осы көрмеге келген журналист маманмын деп ойлаңыз. Сіздің сұхбат алушыңыз көрмеге келген 7-сынып оқушылары. Көшпелі өмірді насихаттаушы 7-сынып оқушылары мен тілшінің рөліне еніп, интервью жазыңыз. 120 сөз.
3-топ. Қиял-ғажайып әңгіме жазыңыз. Сіз «Уақыт машинасы» арқылы көшпенділер заманына тап болдыңыз. Сондағы әсеріңізді әңгімелеп жазыңыз. Сөз саны-120 сөз.
Тапсырма төменде көрсетілген қадамдар арқылы жүзеге асырылады.
1-қадам: жазылым жұмысына ең алдымен жоспар құрып алу.
2-қадам: сол жоспар негізінде жазылым жұмысын жасау.
Қалыптастырушы бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
Дифференциация. А деңгейіндегі оқушының жоспары жүйелі құрылған. Мәтін жанрына сай жазылған. В деңгейіндегі оқушы жоспарының құрылымында стилистикалық қателер кездеседі, мәтін жанрына сай. С деңгейіндегі оқушы жоспарында стилистикалық қателер бар, жанрдан ауытқыған.
Бағалау критерийлері Дескриптор:
Көшпенділер мәдениетіне қатысты жүйелі жоспар құра отырып, жазба жұмыстарын орындайды, ойын еркін жеткізе алады.
Жоспарды жүйелі құра алады;
Мәтінді жанрына сай жаза алады;
Жұмыс стиліне сай ойын еркін жеткізе алады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру