Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері (7 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7О2 Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану: Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
7ӘТН4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Оқылым мәтіні арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін түсіну;
Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табу.
Сабақ барысы: Тақырыпты болжау үшін интербелсенді тақтада сөздер көрсетіледі.
Оқушыларға түрткі сұрақтар қойылады.
- Берілген сөздерге байланысты қандай ой айтар едіңіздер?
- Бұл сөздердің бір-бірімен байланысы бар деп ойлайсыздар ма?
Ой шақыру. Оқушыларға сыни ойланатын сұрақтар қою арқылы тақырыпты анықтату.
• Өркениет дегеніміз не?
• Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
• Мал шаруашылығы дамуының қандай кезеңдерін білесіңдер?
• Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар?
• Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
• Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?
Тақырып анықталғаннан соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Оқылымалды тапсырма. Берілген суреттер арқылы оқылым мәтініндегі ақпаратты болжау, суреттерді бүгінгі тақырыппен байланыстырып айту.
1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылардың А, В, С деңгейлері бойынша жұпқа бөлу. Оқылған мәтінінің стилін ажырату, стильдердің ерекшеліктерін түсіну. Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табу.
Оқылым мәтіні.
Суретші Отарбай КЕНДІР: «Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын»
Құрманғазы ауданының Нарын құмында дүниеге келген қылқалам шебері шетсіз далаға көз тастап отыруды бала күнінде-ақ әдетке айналдырған. Оны өзінен бұрын ұшқыр қиялы алысқа жетелейтін. Қыр асқан сары даланы кенепке теңеп, ойша сурет салатын. Кейін бейнелеу өнеріне шындап кірісуді шешті. Осылайша жүрек қалауы оның қолына қылқаламды алдырды. Бүгінде ол оның айнымас серігі.
Сүйікті ісі мен кәсібі ұштасқан суретші-ұстазға өнерге қосқан үлесі үшін жақында ҚР мәдениет қайраткері атағы берілді. Түрлі деңгейдегі сурет көрмелеріне қатысып жүріп, өзінің жұмыстарына деген сұраныстың барына шүкіршілік еткен суретші кез-келген шығармашылық адамы секілді әр туындысын сәбиіндей көреді. «Картиналарыммен қоштасқым келмейді, кейде қымбатқа болса да сатуға қимаймын» дейді.
- 16 желтоқсан күні «Теңізшевройл» компаниясында өткен көрмеде «Биіктік, самғау» атты жұмысыма шетелдіктер қызығып, сатып алғысы келген. Осы сурет үшін біреу 200 мың теңге беруге даяр болды. Бірақ, мен жұмысымды өзіммен бірге алып кеттім. Себебі, әр жұмыстың өз орны, өз тарихы бар. Оны мен екінші рет қайталап сала алмаймын,-деп ой бөлісті суретші. Ал жалпы, өзге жұмыстары елімізді айтпағанда, Италия, Америка, Венгрия, Қытай секілді елдерге жөнелтіліп үлгерген. Өнер иесін бір өкінтетіні, таңның атысын күткен бота бейнеленген «Беу, балалық» атты жұмысын сатылмай тұрып, естелік үшін суретке түсіріп алмағаны.
- Бұл жұмыста менің балалық шағымның естелігі жатқан. Бейнеленген бота өзім болатын. Көрмеге ілгенім сол-ақ еді, бірден өтіп кетті.
- Қарап тұрсам, бірнеше жұмыстарыңызда ботаның суреті бейнеленген.
- Сол малдардың арасында өскесін бе, ботаны жаным сүйеді. Ауылдан шықтық, қой бақтық, саумал іштік. Малдың ішінде бота деген мен үшін ең әдемісі, ең көркемі. Баяғыда ботаны көз тиеді деп қораның ішінде ұстайтын еді. Ботаны туғаннан соң бес ай ешкімге көрсетпейді. Расында да бота мен түйенің суреттері көп шығармаларымда бар екен. Ботадан бөлек, мен ауыл көрінісін салғанды жаным қалайды. Натюрморт салғым келіп тұрады. Қай жұмысыма да ұлттық бояуларды қосып, қазақтың ежелгі салт-дәстүрінен із қалдырып отырамын. Көшпенділер мәдениеті көңіліме жақын. Және бір қызығы, жылы түстер саналған сары, қызыл түске құмармын. Мүмкін ол туған жердің топырағының тартуы шығар. Бала күніміз құм даласында асыр салып ойнаған шақпен тікелей байланысты ғой, - дейді бейнелеу өнерінің шебері.
Келер жылы ол көшпенділер өміріне арналған сериялы жеке көрмесін ұйымдастыруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде осы тақырыпқа арқау болатын жұмыстар да жиналып қалыпты. Мәселен, тағы да түйенің суреті мен киіз үй, даланың саршұнағы бейнеленген «Аруана» атты сурет (суретте) бояуы кеппеген жап-жаңа жұмысы. Ол да суретшінің дүниетанымында көшпенділер мәдениетінен сыр шертеді.
Отарбай аға өзінің шығармашылық жолындағы алғашқы жемісі «Дән» атты жұмысы деп біледі. Бұл оның кәсіби суретші атанғалы дүниеге келген алғашқы еңбегі.
Бір айтатыны, суретші-ұстаздың тапсырыс арқылы жұмыс істеуге жаны қас. Өмірінде портрет салып көргені болмаса, біреудің тапсырысымен кенеп пен майлы бояуға жақындамақ түгілі, қолына қылқалам алғысы жоқ. «Әйтпесе, өнердің мәні кетеді, құты қашады» дейді кәсіпқой қылқалам шебері.
Айнұр САПАРОВА
Дескрипторлар:
- Оқылым мәтіні арқылы стильдердің ерекшелігін түсінеді;
- Көшпенділер өркениетінің ерекшеліктерін біледі;
- Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін табады, шақтарды ажырата алады.
2-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді.
1-топқа «Материалдық мәдениет» деген атау беріледі.
2-топқа «Рухани мәдениет» деген атау беріледі.
3-топқа «Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері» деген атау беріледі.
Ой шақыру. Топтарға сұрақтар қойылады.
• Материалдық мәдениет деген не?
• Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.
• Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?
• «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?
• Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?
• Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады?
• Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?
Әр топ өз атауына қатысты сөздер мен ұғымдарды теріп жазып, анықтама беру.
Салт-дәстүр; Обалар, күмбездер, баспана (киіз үй); Ислам діні; Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер; Ата-баба аруағына табыну; Киім-кешектер; Құрбандық; Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары; Христиан.Жазба деректер; Будда; Мал (төрт түлік); Табыну; Несториан діні; Христиан діні; Будда діні; Рух; Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/; Әдет-ғұрыптар; Ұмай анаға табыну; Күнге табыну; Отқа табыну; Жер-суға табыну; Несториан; Ислам.
Дескрипторлар:
- Топ атауына қатысты сөздер мен ұғымдарды теріп жазады;
- Ұғымдарға анықтама береді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері 7 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Казақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшеліктері