Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Стильдері әртүрлі мәтіндерді салыстыра талдауға үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма
Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай сұрақтар қояды:
• Салауатты өмір сүру салтына не жатады?
• Салауатты өмір сүруде спорттың рөлі қандай?
• Суреттегі белгілі спорт жұлдыздарын таныдыңыз ба?
• Олардың жетістіктері туралы не айтасыз?
Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері мен дескрипторлар түсіндіріледі, талқыланады.
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс жасамас бұрын алдымен оқушыларға ресми стиль мен ауызекі сөйлеу стилі туралы ақпарат ұсынылады.
Ресми және ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерімен танысыңыздар.
Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.
Іс қағаздары дегеніміз – жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.
Іс қағаздардың түрлері:
Арыз, түсінік хат, бұйрық, хаттама, анықтама, өмірбаян, өтініш, қолхат, мінездеме, келісім шарт, ұсыныс хат, сенім хат.
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері:
1. Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып келеді.
2. Сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады, инверсия өте сирек ұшырасады.
3. Мәтін баяндау ретінде келеді.
4. Экспрессивті сөздер қатыспайды.
Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).
Ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндердің ерекшеліктері:
(.) - аз кідіріс; (..), (...) - ұзақ кідіріс;
Мм-мм-м-м дыбыстық толықтырулар
Сөзді қайталау, тосылып, қайта түзету; Жо-жоқ, мен мынаны айтқым келген,
Сөзді қыстартып айту, басқаша дыбыстап айту;
Сөйлеу барысындағы әрекеттер жақша ішінде, кейде сілтеме жақша арқылы жазылады. Мысалы, [қолын жүрегіне қойды];
Сөз ретінің сақталмай, инверсиялануы (Ертең айтамын бұл туралы);
ШІРКІН (барлығы бас әріппен жазылса) жоғары тон, яғни ерекше көтеріңкі айтылғанда ерекше мән беру сипатын береді (акцент беру);
Диалект сөздер, жаргондар, паразит сөздер ( оқушылар қолданатын сөздер: қуып кетті, қумашы,т.б.), дисфемизмдер, т.б. ;
Фраеологизмдердің көбірек қолданылуы;
Ауызша сөйлеу түрлері: баяндама жасау, әңгіме, дауласу, хабарландыру;
3-тапсырма
Оқушылар екі мәтінмен танысып, стиліне тоқталады. Стильдік ерекшеліктерін жұпта талқылайды.
Мәтінді мұқият оқып, стильдік ерекшеліктерін талқылаңыздар.
1-мәтін
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген. Ол өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Боксшы 2005 және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері.
Әлемнің екі дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, бірқатар ірі турнирлер медальдары мен жүлделерінің иегері. Қазақстанның атақты боксшыларының бірі, 2008 жылғы Бейжің жазғы олимпиада ойындарына қатысушы. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында жапондық Ясухиро Сузукиді, венесуэлалық Габриель Маэстр Перезді, ресейлік Андрей Замковойды, ал финалда жарыс қожайыны - британдық Фрэдди Эвансты жеңіп, 69 келіге дейінгі салмақта олимпиада чемпионы атанды.
2-мәтін
Серік Сәпиев – Қазақстанның бес дүркін чемпионы.
Серіктің өзі де бұл жолғы Лондон олимпиадасының маңызды екенін жақсы түсінетінін айтты.
– 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиадада жанкүйерлердің бәрі менің алтын алатыныма сенді, бірақ тайландтық Манус Бунжумнонгтан ұтылғанымды жақсы білесіздер. Күтпеген жеңіліс болды. Сол жеңілістен кейін көпке дейін өз-өзіме келе алмадым. Одан кейін Миланда өткен әлем чемпионатындағы жеңілісім де қатты соққы болды. Италияға алтын аламын деп барып, қоланы қанағат тұттым. Былтыр Бакуде өткен әлем біріншілігінде алтынға жақын қалғанда жеңілдім. Міне, осы жеңілістердің жарасын жазар кез келгендей. Лондон шаршы алаңында барымды салам және жеңіс үшін барам, – дейді боксшы.
Қазір Серік Лондон олимпиадасына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатыр. Күнінің көбі жаттығуға барлық жағдай жасалған залда өтеді. Бапкерлері жіті қадағалап жүреді.
– Отбасыма бармағалы да екі айдай уақыт болды. Жарым барлығына түсіністікпен қарайды. (...) Ол – менің нағыз жанкүйерім. Лондонға кетерде туған жерім Қарағанды жаққа бір барып қайтарм. Ал қазір жаттығу – маңызды, – дейді Серік Сәпиев.
Боксшының бапкері Александр Стрельниковтың айтуынша, Серіктің бойында боксшыға керек қасиеттердің бәрі бар.
– Шәкіртім боксшыға керекті шапшаңдық, қулық сынды қасиеттерге ие. Шаршы алаңда кез келген жағдайдан шығарға жол іздейді. Тіпті, миымды жаттықтырамын деп күніне екі рет менімен шахмат та ойнайды, – дейді бапкер.
4-тапсырма.
Оқушылар мәтіндерді қайта оқып, салыстыру жасайды.
Мәтіндерді қайта оқыңыздар. Кестеге сүйене отырып салыстыру жасаңыздар. Анықтаған ерекшеліктеріңізді жұпта алмасу арқылы бөлісіңіздер.
1-мәтін 2-мәтін
тақырып
мазмұны
тілдік ерекшеліктері
Дескриптор:
- Мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажыратады;
- Екі мәтіннің тақырыбын салыстырады;
- Екі мәтіннің мазмұнын салыстырады;
- Екі мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады;
Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев