Ұлыстың ұлы күні - Наурыз (6 сынып, III тоқсан )

 Ұлыстың ұлы күні - Наурыз (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні - Наурыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1. – әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (жаңалық, құттықтау) көтерілген мәселені талдау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар тыңдалым мәтіні негізінде диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады, сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларға көктем әуені тыңдатылады.
«Миға шабуыл» жасалады:
Әуенді тыңдағанда қандай сезімде болдыңыз?
Ненің дыбысын естідіңіз?
Бұл дыбыстар сізге таныс па?
Жаңа сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
Оқушыларға сұрақтарға жауап берген соң,
сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.
Мағынаны тану
Тыңдалым алды тапсырма.
Мәтін бойынша сөздермен жұмыс.
Оқушылар келесі кестедеге сөздермен танысады.
Қараторғай Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келеді.
Наурызек Көктем жаршысы. Наурыз айында келетін торғай. Даладан осы құсты көрсеңіз, нағыз көктемнің келгені.
Жапалақ
Үкі. Түнде тіршілік ететін жыртқыш құс.
Көзіңіз шарасынан шыға кетейін деп қалды. Таңданды, таң қалды.
Сауысқан Қарғаға ұқсайтын кіші денелі құс.
Кірпідей жиырылып отыру Ұнатпау, жақтырмау
Абыройлы болу Қадірлі, беделді болу
Наурыз көже Наурыз айында дайындалатын ұлттық тағам.
Тыңдалым. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында оқушылар мультфильм көреді. Осы мультфильм бойынша оқушылар негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.
Төмендегі тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді және мәтінге сәйкес үш дұрыс тұжырымды белгілейді.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
1.Қандай құс адамдарға наурыз келгенін хабарлайды?
А.Наурызек
В.Қарға
С.Бүркіт
2.Наурыз көже неше тағамнан жасалады?
А.5
В.7
С.6
3.Жапалақтың аты қалай?
А. Ботакөз
В. Наурызкөз
С. Үлкенкөз
Тұжырымдар дұрыс бұрыс
А Қараторғай әндетіп, барлығына көктем келгенін жариялайды.
В Ұстаз жапалақ болады.
С Қараторғай наурызекке «Кел, дос болайық» -деді.
D Сауысқан ағай «Құстардың түрлері» тақырыбында сабақ жүргізді.
E Наурыз тойы салт-дәстүрге сай мерекелік думандармен қызықты өтеді.
Бағалау критерийлері:
 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;
 Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады.
Тыңдалымнан кейінгі кезең.
Оқушылар назарына шет елдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайтыны жайлы бейнебаяннан үзінді ұсынылады. Жұппен жұмыс жасайды. «Ал сен және отбасың Наурыз және Айт мерекесін қалай тойлайды?» тақырыбында диалогқа түседі.
Жұптық бағалау.
Бағалау критерийлері:
• Диалогтік қарым-қатынасқа түсе алады;
• Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана алады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру