Наурыз – шаттық мейрамы (6 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология.
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – шаттық мейрамы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.7.1.- энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты алу, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;
6.3.6.1. – мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мәтінге түзету және редакциялау жұмыстарын жүргізе білуі тиіс.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру үшін оларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
- Сендер мәтінді түзетіп көрдіңдер ме?
- Сендер газет-журналға мақала жариялауға қалай қарайсыңда?
- Қандай мейрам туралы жазғыларың келеді?
Мағынаны тану
Оқылымалды кезеңі.
1-тапсырма.
Жұбыңмен бірлесіп, рөлдерді бөліп алыңдар.
Бір оқушы баспасөз тілшісі болса,
екінші оқушы баспасөз редакторы болсын.
Баспасөз редакторы Наурыз мерекесі туралы мақала қандай болу керек (тақырыбы, идеясы, көзделген аудиториясы) деген сұраққа жауап берсе, баспасөз тілшісі ол мақаланың жалпы талаптары (тілі, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық бірліктер) қандай болуы тиіс деген сұраққа жауап береді.
Оқылым кезеңі.
2-тапсырма.
Мәтінді мұқият оқы.
Наурыз – шаттық мейрамы
Наурыз – күн мен түн теңеліп, жер көкке жан бітіп, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер-Ана босанатын сәт. Наурыз – көктем мерекесі, жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Наурыз – қуаныш, бақыт пен шаттық мейрамы. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының жас ұрпақ үшін тағылымы мол. Алматыдағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының оқушылары жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Оркестрдің әсем сазымен басталған «Наурыз – думан» деп аталатын салтанатты шарада әуелетіп ән де салынды, жақұт жырдан шашу да шашылды. Наурыз мейрамының салтанатты кешін ашқан осы мектептің директоры Роза Ербозымқызы: «Наурыз – думан молшылық, тоқшылық дегенді білдіреді. Сондықтан жылымызды жақсы бастайық, осы мектеп тілімізді тереңдетіп оқытатын болғандықтан, біз барлық қазақтың салт-дәстүрін қалт жібермей және балаға тереңірек білім береміз деп есептейміз» деп атап өтті. Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұртын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күн алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде-кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауға ерік берілген деседі. Ал қазақ даласында Ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған. Құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күні дастарқандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. «Береке – жыл басынан басталады» демекші «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық, бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Бұл 21 наурыз күнгі таң алдында орындалады делінген. Мұның мәні дала аралаған Қызыр ата келіп «Қыдыр, құт дарытып кетеді» дейді екен. Осындай ежелгі әдеп-ғұрып, салт-дәстүрге орайластырып талантты жеткіншектер тарихтан сыр шертетін сахналық қойылым қойды. Сондай-ақ домбыраны серік еткен айтыскер ақындар, қыз-бозбаланың әдемі айтысын ұсынып, келісті қалжыңымен қонақтарға ой салды. Ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан балалардың өнеріне ата-аналары дән риза болды. Ал қазақтың байырғы құсбегілік өнерін жалғастырушы саятшылар қыранын қолына қондыра келіп, оқушыларға бүркіт бабының қыр-сырын әңгімелеп берді. Наурыз – қалада өсіп-өнген балалар үшін көшпенді салттың ерекшелігімен танысатын айрықша күн екенін ескерсек, ұлттық мейрамның жас ұрпақ үшін тағылымы мол екені даусыз. Мерекелік шараға мектеп оқушылары аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме де айтылды, көрініс те қойылды, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Тіпті жаңа жыл тек жақсылықта өтсін деген ниетпен Қыдыр атанының ақ батасын да алды.
Асыл ТҰМАР
1. Мәтіндегі тірек сөздердің астын сыз.
2. Анықталған тірек сөздер негізіде қосымша ақпаратты анықтаңдар.
3. Мәтінде Наурыз мерекесіне берілген анықтамаларды атап беріңдер.
4. Наурыз мерекесін басқаша қандай атаулармен алмастырып айтуға болады. Оларды атап шығыңдар.
5. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің жазылу емлесін түсіндіріңдер.
6. Мәтінде қарамен берілген тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндірі беріңдер.
Оқылым соңы кезеңі.
3-тапсырма.
Берілген сөйлемдерді орфографиялық және пунктуациялық нормаларға сәйкестендіріп, қайта жазыңдар. Жазу барысында қазақ тілінің орфографиялық сөздігі мен пунктуация емлелері жазылған еңбектерді басшылыққа алыңдар.
1. Оркестрдің әсем сазымен басталған «Наурыз думан» деп аталатын салтанатты шарада әуелетіп ән де, салынды
2. «Береке-жыл басынан басталады» демекші, Жыл басы жақсы басталса аяғы да жақсы болады деген қағиданы берік тұтынған халық, бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған.
3. Наурыз қалада өсіп-өнген балалар үшін көшпенді салттың ерекшелігімен танысатын айрықша күн екенін ескерсек, ұлттық,мейрамның жас ұрпақ үшін тағылымы мол екені даусыз.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Наурыз – шаттық мейрамы 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Наурыз – шаттық мейрамы