Азатшыл ақын Махамбет (6 сынып, II тоқсан )

 Азатшыл ақын  Махамбет (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Азатшыл ақын Махамбет
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.1.1 Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.
Сабақтың мақсаты: Лексикалық тақырып арқылы құрылымын сақтай отырып қарапайым жоспар жазуға үйрету.
Сабақ барысы: 1-тапсырма. Қызығушылықты ояту
Суретке зер салып қарап, бейнеленген тұлғаның кім екендігін болжайды. Ол туралы білетін ақпараттарымен бөліседі.
2-тапсырма
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын болжаммен айтады.
Тірек сөздер:
Оқылым тапсырмасы
3-тапсырма
 Мәтінді мұқият оқып, кестені толтырады.
Махамбет Өтемісұлы
Махамбет өзінің «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтса, «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние» сияқты шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» атты өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында.
Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы - Исатай Тайманұлы. Оның «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым» өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Жолдасы Исатай өлсе де, көтерілісті тоқтатпай, керісінше, көтерілісшілерге рухани көмек берді.
Махамбет – сегіз қырлы, бір сырлы ел баласы. Ол «жігітке жеті өнер де аз» деп, жер бетіндегі өзіне ұнайтын өнерлерді бойына сіңірді. Қазақтың ұлттық аспаптарында да еркін ойнады. Басқа батырлардың серігі жылқы болса, Махамбеттің серігі қара домбыра болды. Ол күй де шығарды. Махамбеттің 11 күйі бізге мұра ретінде жеткен. Сол күйлерінің ішіндегі бәрімізге белгілісі – «Жұмыр қылыш». Ақынның күй шығаруы – бойында бірнеше өнердің бар екенінің дәлелі.
„Батыр туса – ел ырысы”. Расында да, Махамбет - елі үшін туған азамат ақын. Ол қолына найза ұстап, ел қамы үшін көтеріліске шықты. Махамбетті ел қорыған батыр деп бағалау – ақынға айтылған ұлы мадақ.
Білемін +
Мен үшін жаңалық ?
Білгім келеді
4-тапсырма
Сабақтағы негізгі оқу мақсатын жүзеге асыруға арналған жазылым тапсырмасы төмендегі ретпен орындалады.
 Мәтінді қайталап оқиды.
 Мәтіндегі ақпараттар негізінде «Махамбет кім?» деген тақырыпта жазатын эссеге қарапайым жоспар құрады. Жоспарда эссе құрылымын сақтауды ескереді.
Жоспардың үлгісі:
1) Махамбет өлеңдерінің идеясы
2) Исатай батыр туралы өлеңдері
3) Махамбеттің күйшілік өнері
4) Елі үшін туған батыр
ДЕСКРИПТОРЛАР
 сурет арқылы болжам жасайды;
 тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтады;
 мәтіндегі ақпараттарды жіктейді;
 қарапайым жоспар құрады;
 құрылымын ескереді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру