Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )

 Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе? (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.4.1 -эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
(«келісу, келіспеу» эссесі).
6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Көтерілген мәселені жан-жақты талқылайды;
• Тақырыптан ауытқымай, келісу-келіспеу себептерін дәлелдеп эссе жазады;
• жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Мұғалім оқушыларға «Керемет» сөзін естігенде ойына келген сөздерді үздіксіз 1 минут жазуды тапсырады. Оқушылар жеке жазады, кейін жұпта талқылап, бірдей сөздерді өшіріп, «керемет» сөзін сипаттайтын 5 сөзді қалдырады.Топқа бірігіп, тағы бес сөзді таңдап алады және топтар сыныпқа таныстырады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Жазылымға дайындық.
Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқып, мәтінде көтерілген мәселені топта «Ақылдың алты қалпағы » тәсілі арқылы талқылайды.
Мәтін.
Мысыр билігі әлемнің жеті кереметінің бірі - 700 жыл бұрын жер сілкінісінен қираған Александрия шамшырағын қалпына келтіруге ниетті, деп жазады шетелдік БАҚ. Құрылыс жобасы мақұлданған шамшырақ бұрын орналасқан жеріне жақын жерде Фарос аралына салынады. Құрылыс салушылар оны мәтіндік сипаттамасына негіздеп салмақ, себебі оның бірде-бір суреті бізге дейін жеткен жоқ. Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған.
Тапсырма.
Ақ қалпақ
Александрия шамшырағы туралы не білеміз? Ол қайда, қай дәуірде болған? Оның ерекшелігі неде?
Қызыл қалпақ
Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру туралы естігенде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма?
Қара қалпақ
Александрия шамшығаранын қалыпқа келтірудің жағымсыз жақтары қандай? Ол не себептен пайдасыз?
Жасыл қалпақ
Баламалы идеялар бар ма? нені басқаша жасауға болады?
Көк қалпақ
Әлемнің жеті кереметін болашақ ұрпаққа насихаттау үшін не істеу керек?
Жазылым тапсырмасы.
«Александрия шамшырағын қайта қалыпқа келтіру керек пе?» тақырыбында эссе жазады.
Жазылым барысында жоғарыда талқыланған мәселелерді, мәтіндегі ақпараттарды негізге алып жазады.
Дескриптор:
• Тақырыптан ауытқымай жазады;
• Құрылымын сақтайды;
• Келісу/келіспеу себебін айқын білдіреді;
• Орфографиялық нормаға сай жазады.
Оқушылар жазған жұмыстарын тақтаға апарып іледі. Өзгелердің жұмыстарын оқып, баға береді. Ұнатқан жұмыстарына пікір жазып, стикерлерін апарып жапсырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру