Семирамиданың аспалы бағы (6 сынып, I тоқсан )

 Семирамиданың аспалы бағы (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Әлемнің жеті кереметі»
Сабақ тақырыбы: Семирамиданың аспалы бағы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау . 6.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальды ақпаратты анықтайды.
Сабақ барысы: «Неге? Неге?» ойыны.
Мұғалім сабақты ойыннан бастайды. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, сабақтың тақырыбына қатысты тұжырым айтудан бастайды да, тұжырымның соңын неге деген сұрақпен жалғап, қасындағы оқушыға бағыттайды. Осылайша, келесі оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға бағыттайды.
Ойынды мұғалім өзі бірінші бастайды.
Мысалы:
Әлемнің жеті кереметінің қатарына Семирамида аспалы бағы енді. Неге?
Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.
Тыңдалым алдындағы тапсырма:
Оқушыларға аспалы бақтың суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап, бақты бес сөзбен суреттейді.
Тыңдалым тапсырмасы:
Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін екі рет тыңдатады. Мәтінді тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Аспалы бақ қайда тұрғызылды?
Аспалы бақты тұрғызған кім?
Ол қай елдің патшасы?
Аспалы бақ кімнің құрметіне тұрғызылды?
Ханша қай елден келді?
Шамурмат грекше қандай мағынаны білдіреді?
Аспалы бақтың қалай салынғаны туралы мәтінде айтылады. Оқушылар тыңдалым мәтіні бойынша тізбекті жалғап жазады.
Айтылым
Оқушыларға тыңдалым мәтінінде көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтары беріледі. Оқушылар талқылау сұрақтарын «Үш қадамдық сұхбат» тәсілі арқылы талқылап, жауап береді.
Шарты:
Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.
Талқылау сұрақтары:
Аспалы бақты тұрғызған патшаның әрекетін ерлікке теңеуге бола ма?
Өшпес махаббат символына айналған-Тәж-Махал мен Аспалы бақтың тарихы ұқсас деп есептеуге бола ма?
Қазіргі заманда аспалы бақты қайта қалыпқа келтірсе не болар еді?
Бүгінгі заманда ғашығы үшін адамдар қандай ерлік істер жасай алады?.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру