Бабалар мұрасы (5 сынып, IV тоқсан )
Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғасырлар қойнауынан
Сабақ тақырыбы: Бабалар мұрасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.2.3.2 түрлі баяндау тәсілдері арқылы көркем-бейнелі сөздерді қолданып мазмұндау
5.3.2.1 сұхбат, үндеу, тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, )жазу
5.4.2.2 морфологиялық талдау жасау
Сабақ мақсаттары: • түрлі баяндау тәсілдері арқылы көркем-бейнелі сөздерді қолданып мазмұндау.
Сабақ барысы:
Мпнаыңа усатыа (Апамның астауы) (оқушылар мұғалімнің құлағына сыбырлап айтады)
Жасырынған сөздерді табу. Осы сөз тіркесінің бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар? Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Сөздік жұмыс:
Келі мен келсап – тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын қатты ағаштан жасалған құрал.
Астау - ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.
Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен
«Баяндау» әдісі.
(Т.Ж) Оқушылырға мәтіннің бөліктері беріледі, мазмұнымен танысып, сызба немесе сурет, белгілер арқылы топтар бір-біріне айтып береді. Сынып болып талқылап, тұтас мәтінді шығарады.
Апамның астауы
Ол кезде мен бала едім, апам жастау еді. Әке –шешеміз қиыр жайлап, шет қонып, мал соңында жүретін. Айында –жылында ғана болмаса, бет –жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңдайы қысы –жазы жыбырлаған, айғайлап –шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма -жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер –көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас, қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек –дамбалын біздің үйге келіп кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының абзал апасы сықылданатын.
Он бес жасыма дейін Апамның қойнында жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тырнақтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш...Менің көз алдымда: тері илеп, көн тегіп отырған; жүн түтіп, арқан ескен, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам :..Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер –азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам. Жаз шыға әпкелеріммен бірге Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға аттанатынбыз. Бір –бір арқа отын көтеріп, ең алда Апам, одан кейін құндыздай шулаған біздер күліп –ойнап келе жатыр едік.
Қыстық шөпті ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке –шешеміздің мойында. Бақша, шұрқыраған қаз –тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар, ол кісілерге зиянымызды көп тигізбейтін едік. Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні –қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған келісі мен астауы еді.
Осы келі мен астау, тіпті жасы жөнінен әкемнен де үлкен. Апамның Алтайдың арғы беті –төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын. Кейде, әсіресе, қазіргідей қараша туа темір пешке отты маздатып жығып тастап, пештің жыртығынан саулаған жарық түсіп, ала көлеңкеленген қоңыр үйде отырып, апамның әңгімесін тыңдайтынбыз.
Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң –көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ –соғы жоқ, инабатты, жуас адам еді. Дүниеде өсек –аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не болмаса тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған немесе тірі пендеге тілі тимеген,, жарықтық ораза –намазы бұзылмаған, таза тәкаппар әйел еді.
Дүние жүзінде Апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая малды жайғап келіп, апамның айналасында тырайып жатып, әңгімесін тыңдағаннан қымбат сәттер табыла ма, қайта айналып келер ме?!
Оралхан Бөкей
Мәтінді тізбектей немесе іріктеп оқыту.
(Ұ) «Иә», «Жоқ» ойыны арқылы мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Бұрқырама үйден алыс жерде орналасқан. (жоқ)
2. Мәтіндегі апа балалардың барлығына қамқор болатын. (ия)
3. Бала өзінің ата-анасынның қолында өсті. (жоқ)
4. Бала апасымен бірге отын жинауға баратын. (иә)
5. Апаның келісі мен астауы қайың ағашынан жасалған. (жоқ)
6. Мәтін кейіпкерлері үй жануарларын асыраған. (иә)
7. Апасы өсек-аяңды, қулық-сұмдықты білмейтін. (иә)
8. Апасы оразасын ұстап, намазын оқып жүретін. (иә)
Деңгейлік тапсырма
Қыстық шөпті ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз.
• Берілген сөйлемге морфологиялық таладу жасаңыз.
• Синтаскистік талдау жасаңыз.
(ЖЖ) Берілген тірек сөздердің пайдалана отырып, «Апа» туралы 1 шумақ өлең құрастырыңыз. (3 сөздер кем емес)
Апам, айым, құрты, шайы, майы, жайлы қолы, орамалы........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Бабалар мұрасы 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бабалар мұрасы