Мәдениет Тіл және қарым-қатынас (5 сынып, I тоқсан )

 Мәдениет Тіл және қарым-қатынас (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
БӨЛІМ: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Мәдениет: Тіл және қарым-қатынас
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: Ж2 Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.
ӘТН5 Пунктуациялық норма: Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Тақырыпқа қатысты пікір білдіре алады.
Көптеген оқушылар:
Тақырыпқа қатысты еркін пікір білдіре алады.
Жазылымның жанрлық ерекшелігі мен жүйелілігін сақтайды.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпқа қатысты дәлелді пікір білдіре алады.
Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөзді ажыратады, тыныс белгілерін қолдана алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі
оқушылардың сабаққа қатысы
сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстыру.
І тапсырма.
С
«Бұрыш» әдісі
Тіл туралы нақыл сөздердің бірін таңдаңыз және оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Жетелеуші сұрақтар:
- Өз таңдауыңызды қалай түсіндіресіз?
- Бұл нақыл сөздің бүгінгі біздің заманымыздағы маңызы қаншалықты?
- Автордың айқысы келген астарлы ойы туралы не айта аласың?
- Нақыл сөз біздің заманымыздың адамдарына қандай жауапкершілік жүктейді? т.б.
Мұғалім сыныптың ортасына ұзын жіпті керіп тұрып, оқушыларға өз таңдауларына қарай екі топқа бөлінуді сұрайды және жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды пікір алмасуға, пікір таластыруға уәждейді.
Мұғалім таныстырылымы: «Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінің тыныс белгілері»
а) төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі
б) төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері:
• төл сөз автор сөзінен бұрын келеді;
• төл сөз автор сөзінен кейін келеді;
• төл сөз автор сөзінің ортасында келеді;
• автор сөзі төл сөздің ортасында келеді;
в) мұғалім мысал ретінде жоғарыдағы нақыл сөздерді ұсынып отырады.
ІІ тапсырма.
Ж
Сіз мектеп кітапханасында ұйымдастырылған «Тіл-ұлттық қазына» тақырыбындағы ақын-жазушылармен кездесу кешіне қатыстыңыз. Кештің негізгі қонақтары-Шыңғыс Айтматов, Қадыр Мырзалиев. Шараның жүру барысы мен одан алған әсеріңізді сипаттап, 100 сөз көлемінде досыңызға хат жазыңыз.
Жазылым барысында төл және төлеу сөз автор сөздерін қолданыңыз, тыныс белгілерін ескеріңіз.
Ұсынылатын тірек сөздер: құндылық, аманат, қарым –қатынас, қажеттілік, сөйлесу арқылы, күнделікті өмір, кеңес беру, басты құрал (өткен сабақтағы тірек сөздер)
Бағалау критерийі Дескриптор
Оқушы:
Хат құрылымын сақтайды. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады. хат жазудың стилін сақтайды
төл сөз, төлеу сөз, автор сөзін қолданады, тыныс белгілерін ажыратады.
шара барысы мен әсері туралы ақпарат береді
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс орналастырады; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру