№ 13 сабақ Есептік және реттік сан есім (3 сынып, III тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы: № 13 сабақ. Есептік және реттік сан есім.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
-мұғалімнің қолдауымен есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.
Оқушылардың көбі:
-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
-есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.
Оқушылардың кейбірі:
-тірек сөздерді табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.
Сабақ барысы: І. (МК, Ұ) Терме диктант.
Сан есімдерді теріп жазу, сұрақ қою. Сан есімдерді салыстыру.
Түбір мен қосымшаға ажырату.
Біз үш қабатты мектепте оқимыз. Мен үшінші сыныптың оқушысымын. Біздің сыныптың екі оқушысы спорт жарысына қатысты. Менің досым екінші орынды жеңіп алды.
Үлгі:
Үш –үш+інші /үш - түбір сөз, -інші - жұрнақ/
Екі – екі+нші /екі – түбір сөз, -нші – жұрнақ/
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1.1.1 (Ө, Ж, Т, Қ) Мәтінді тыңдау. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру. Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу.
Тапсырма 1. Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін белгіле.
Тірек сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі: танымал, тұңғыш қазақ палуаны, белдесу, жеңіс, 26 мемлекет, 48 медаль, Петербург, Франция, Германия, Бельгия, Түркия, Америка.
3.3.6.1 (МК, Ө, Қ) Мәтін мазмұны бойынша белгілеген тірек сөздерді жазу.
Тапсырма 2. Мұғалімнің алдын-ала дайындаған тізіміндегі сөздер мен сөз тіркестері сәйкес болған жағдайда тақтаға жазады. Барлық сөздер мен сөз тіркестерді тапқанша жалғасады.
Тақтадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға 40-60 секунд уақыт беріледі. Өз бетінше жазуы мен тексеруі қадағаланады.
Жіберілген қателермен жұмыс ұйымдастырылады.
(МК) Мұғалім мәтінді оқып береді. Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар қойылады:
Жабық сұрақтар үлгісі:
1. Қажымұқан Мұңайтпасов кім?
2. Ол спорттық жолын қайда бастады?
3. Қай мемлекеттерде өткен белдесулердің жеңімпазы атанды?
4. Ол қанша мемлекетте болды?
5. Қажымұқанның қанша алтын, күміс және қола медальдары бар?
6. 1927 жылы ол қандай атаққа ие болды?
Ашық сұрақтар үлгісі:
1. Қажымұқанның әлемге танымал болуының сыры неде?
2. Қажымұқанға неліктен «Қазақ даласының батыры» атағын берді?
3.4.2.6 (МК, Ұ, Ө) Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау.
Тапсырма 3. Мәтіннен сан есімдерді табу. Кестенің көмегімен есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау.
Есептік сан есім Реттік сан есім
Қанша? Неше? Нешінші?
жиырма алты жиырмасыншы
қырық сегіз мың тоғыз жүз жиырма жетінші
Сергіту сәті
Тапсырма 4. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Реттік сан есімдерге жалғанған қосымшаның екі түрлі (- ншы,- ыншы) болу себебін түсіндір. Бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.
3.3.6.1 (Ө, Қ) Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу. Өзіндік бағалау.
Тапсырма 5. Мақалдардағы көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойып жаз.
... сомың болғанша, ... досың болсын. /Жүз, жүз/
... рет өлшеп, ... рет кес. /Жеті, бір/
... жүзін білгенше, ... атын біл. /мыңның, бірдің/
Білгенің ... ..., білмегенің ... .... /бір тоғыз, тоқсан тоғыз/
Ер ... рет өледі, ез ... рет өледі. /бір, мың/
3.4.2.6 (Ұ, Ө) Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау.
Тапсырма 6. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.
Есептік сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары № 13 сабақ Есептік және реттік сан есім 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 13 сабақ Есептік және реттік сан есім