Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

 Шытырман оқиғаларды зерттеу Егер мен сәулетші болсам Tура және ауыспалы мағыналы сөздер (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шытырман оқиғаларды зерттеу. Егер мен сәулетші болсам... Tура және ауыспалы мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.5.1 берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ мақсаттары:
• берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
• жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
• жаңа сөздердің мағынасын анықтаймыз;
• мәліметтердің маңызын түсінетін боламыз;
• жіберілген қателерді табамыз және түзетеміз.
(Ж) Жазайық
«Еркін жазу» әдісін қолдану.
Cұрайық және жауап берейік
Бұл суреттен не көріп тұрсың? Суреттің мазмұнын жеткізетін зат есімдерді ата. Суреттерге ат қой.
Суреттерді салыстыр. Екеуіне не ортақ? «Қандай?» сұрағын қатыстырып, суретке байланысты екі сұрақ құрастыр. Бұл суретке тағы не қосуға болады? Неге? Ойыңды дәлелдеп айт.
(Ж) Оқиық
Бұл тапсырма жұппен/топпен/сынып болып орындалады.
Тапсырманы қалай орындау керек?
Мәнерлеп оқуға үйретуге негізделген тапсырмада мәтінді оқу келесі үлгіде ұйымдастырылады.
Оқушылар:
– жұппен кезектесіп дауыстап оқиды;
– бір­бірінің оқуын бақылап, түзету жасайды;
– мәнерлеп оқитын оқушыны анықтайды;
– жақсы оқыған оқушыны топтық оқуға ұсынады;
– топтық оқуда кезектесіп дауыстап оқиды;
– үздігін анықтайды; сыныптық оқуға ұсынады;
– сыныптық оқу ұйымдастырылады.
– жеңімпазды анықтайды.
Мәтін кейіпкерінің әрекетін білдіретін етістік сөздерді теріп жазады. Кейіпкер туралы пікірлерін білдіреді. Оған сәулетші болу үшін қандай қасиеттер болу керектігін санамалап айтады.
(Ж) Анықтайық.
Түрлі дереккөздерден алған ақпараттарды сұрыптап, ең тиімдісін таңдап алу дағдылары дамытылады.
Қазақстандағы қызықты ғимараттар туралы дайындаған мәліметтерді немесе сайт атаулары беріледі. Оқушылар олармен танысып, өздерін қызықтырған сәулет өнері туралы қысқаша хабарлама жасайды. Хабарламада таңдап алынған сәулет өнерінің ерекшелігі туралы айтылуы тиіс.
Дифференциация: Қабілеті жоғары оқушыларға интернет ресурстары арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік беруге болады. Қабілеті нашар оқушылар мұғалім дайындаған ақпарат ресурстарымен жұмыс жасай алады.
(Ж) Ойымызбен бөлісейік және жазайық.
Тапсырманың негіздемесі: Бұл тапсырма сөздердің мағынасын сөйлем ішінде қолдану арқылы ашуды көздейді. Ол сөздерді осының алдындағы «Сұра және жауап бер» тапсырмасында жазып алған болатын. Осы арқылы оқушылардың сөз байлығы кеңейеді және сөздерді байланыстырып жазу дағдыларын дамытады деп күтіледі.
Жазылым тапсырмасында өз ойын жүйелі жеткізу үшін тапсырманың шартында берілген нұсқауды сақтайды.
Ықтимал жауаптары.
Жоғары деңгейлі жауап. Қиялдан туған елестету мен логикалық жүйелі байланысқан жауап: мысалы, мен үйімді ауада қалықтап тұратын кеме­үй етіп саламын. Ол сәулет өнерінің ерекше туындысы болады.
Орта деңгейлі жауап. Мен таңдаған суреттегі үй су бетіне теңіздің маржан тастарынан салынған. Менің үйім осындай әдемі, таңғаларлық болса екен. Төмен деңгейдегі жауап. Суретте төңкеріп салған (немесе су бетіне теңіз маржанынан салынған) үй бар.
(Ж) Жазғанымызды тексерейік.
Бұл тaпcыpмaдa oқушылap сыныптасының жазған жұмысын тексеріп қатесін тауып, оны түзету арқылы тілдік нормаларды сақтауға үйренеді.
 Сыныптасының жұмысын оқиды.
 Жіберген орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық қателерін анықтау үшін қажетті сөздіктер мен өз білімдеріне жүгіне алады.
 Сыныптасының жұмысын түзетуге ұсыныс жасайды.
Білімді бекітуге арналған тапсырма
«Коллаж әңгіме»
Мақсаты: сыни ойлау дағдыларды және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған.
Оқушыларға әртүрлі ғимарат үлгілері бейнеленген түрлі­түсті суреттері бар журналдар беріледі. Оқушылар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, тақырыпқа байланысты (Мен елімді көркейтемін) туралы әңгіме құрастырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру