Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Айтар сөзімізді жоспарлаймыз (3 сынып, I тоқсан )

 Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу Айтар сөзімізді жоспарлаймыз (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің сипаттамасын жазу. Айтар сөзімізді жоспарлаймыз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Сабақ мақсаттары: Көпшілік алдында сөйлеуге тақырып анықтайды және сөзін жоспарлауды;
қажетті мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтауды;
тыңдалған материал бойынша сұрақтарға жауап беру дағдысын жетілдіреді.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулық: 74–75 беттер. Жұмыс дәптері: 37­бет
Тыңдайық және оқиық.
Тапсырма жұптa және топпен орындауға бағытталған. Мұғaлiм ұйымдacтыpу cәтiнeн кeйiн oқушылapғa тaпcыpмaның шapтын түciндipeдi: тыңдaлaтын мәтiннeн мазмұнды аша алатын тірек cөздepдi түpтiп aлу кepeк. Мәтiн eкi peт тыңдaтылaды. Алғашқы тыңдалым кезінде мұқият тыңдайды. Мына сұраққа жауап береді:
-Жамбыл қандай тақырыпта сөз сөйледі?
-Ол өзін көпшлік алдында қалай өзін ұстады?- деп ойлайсың?
Екінші тыңдағанда тірек сөздерді жазады.
Тыңдaлымнaн кeйiн oқушылap жұптapымeн жaзбaлapын тaлқылaйды:
-Қaй cөз мәтіннің мазмұнын аша алады, қай сөз артық жазылған? Әр оқушы өз жауаптарын негіздей білулері керек. Oлap жұппен талқылайды, oдaн кeйiн тoптa ой бөлiciп, бipiн­бipi тoлықтыpaды. Жамбыл айтқан нақыл сөздерді дәптерге көшіріп жазады. Олардың мағынасын түсіндіреді.
Бірінші тыңдалымнан кейін оқушылар Жамбылдың ана тілін құрметтеу туралы сөйлегенін айтуы тиіс. Өзін қалай ұстағанын анықтау үшін мына бейнебаянды көрсету:
Құрастырайық.
Тапсырма топпен орындауға бағытталған. Мұғалім оқушыларды мына мәліметтермен таныстырады:
Тыңдаушыға ойды сәтті жеткізе білуде 10% ­не жайында айтқанымызға, 40­50%­қалай айтқанымызға, 60%­қалай көрсеткенімізге байланысты екен.
Сондықтан көпшілік алдында сөйлеу кезінде неге көңіл бөлу керек? Осы туралы ойланып, постер құрауды тапсырады. Құрастырған постерлерін сынып алдында таныстырады.
Саралау. Дифференциация.
Суретке бейімі бар балалар, постердің суретін салуға, шешендік өнерге бейімі бар балалар сөзін құрастырады.
Тапсырма топпен орындауға бағытталған. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бөлімінде өткен сабақтарға байланысты тақырып белгілейді.Тақырып жайлы, тыңдарманға не айтқысы келетінін ойланады.
Саралау. Дифференциация.
Оқушылар тақырыпты белгілеп болған соң, қабілеттеріне қарай музыкаға бейім оқушылар сөз сөйлеп тұрғанда қосып қоятын баяу ырғақты музыканы анықтайды, сурет салуға бейімі бар оқушылар өз сөздеріне дәлел ретінде, көрнекі сурет салуды ойластырады. Әртістік өнерге бейімі бар оқушылар өз сөздерін тыңдарманға әсерлі жеткізу үшін қи- мыл­мимикаларын көрсетіп жаттығады.
Жоспарлайық.
Тапсырма жеке орындауға бағытталған. Өздері белгілеген тақырып бойынша дерек көздерінен мәліметтер іздейді. Тапқан мәліметтерін іріктейді. Сол бойынша сөйлейтін сөзінің қысқаша жоспарын құрады.
Саралау. Дифференциация.
Қабілеті жоғары оқушылар мағлұматтарды іздеу барысында мұғалім бағыт­бағдар беріп отырады.
Қабілеті төмен оқушыларға мағлұмат іздеуге көмектесу.
Деректерді іздеу кезінде сынып бұрышындағы әдебиеттерді пайдаланғанда оқушыларға еркін жүруге рұқсат етіледі.
Дифференциация.
Оқушылар көпшілік алдында сөйлеуге байланысты алған білімдеріне сүйеніп, «Білемін, білгім келеді, білдім» кестесін толтырады.
Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру. Ол үшін 7­9 бетте орналасқан «Кіріспені» қарап, тиесілі бағалау стратегиясын таңдауы керек.
ҚБ тапсырмасын орындайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру