Саяхатқа шығамын (2 сынып, IV тоқсан )

 Саяхатқа  шығамын (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Саяхатқа шығамын
Оқу мақсаттары: 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша мәтін құрап айту
Сабақ мақсаттары: Тірек сөздер арқылы берілген тақырыптарға әңгіме құрап айтады.
Сабақ барысы: (Ұ) Ынтымақтастық ортасын құру.
«Ертеңгілік шеңбер»
Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
Қайырлы күн, мұғалім!
Біз ояндық!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, жылы тілектер айтады/
(МК;Ұ; Ө) Сабақтың тақырыбын ашу
Мақсаты: Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау.
Оқушыларға жануарлар жайлы жұмбақтарды жасыру.
Мұғалім бұл сөздердің қандай байланысы бар екендігін сұрайды.
Оларды қай жерден көруге болатыны сұралады. Оқушылар жауап береді. Сабақ тақырыбы анықталады.
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)
Түлкi ұқсас тұрқы,
Бiр тоймайтын құлқы,
Андитыны тастан,
Құс пен тышқан. (Қабылан)
Мойыны тұтасқан,
Аузы апан.
Жоны жалпақ,
Бұты талтақ. (Бегемот)
Тiк жардай түстi,
Шұбатылған
Тұмсығы күштi.
Таситын жүктi,
Бұл қандай мықты? (Пiл)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критериін шығару.
(Ж,Қ) «Қызықты алаң» ойынын ұйымдастыру.
Тапсырма: Тірек сөздердің көмегімен «Тоғанға саяхат», «Зообаққа саяхат», «Мал фермасына саяхат» тақырыбында әңгіме құрау.
Мақсаты:Тірек сөздерді пайдалана отырып, берілген тақырыпқа мәтін құрастыру.
«Тоғанға саяхат», «Зообаққа саяхат», «Мал фермасына саяхат» тақырыптарының бірін ұтып алған қатар мұғалім ұсынған тірек сөздермен әңгіме құрайды. Топтар бір-бірін дескриптор арқылы өзара бағалайды.
Дескриптор:
• тірек сөздерді орынды пайдаланады;
• мәтін мазмұнының жүйесі сақталған;
• тақырыптан ауытқымайды;
• сан есімдерді дұрыс қолданған.
Кері байланыс жасау
Оқушылар жұмыстарын топта жариялап, ой бөліседі. Кері байланыс жасату мақсатында тыңдаушылар саяхат жоспары бойынша сұрақ қояды.
Мысалы:
- Саяхат барысында не байқадың?
- Ол жерде өзіңді қалай сезіндің?
- Саяхат саған ұнады ма?
(Ө,Қ)Мәтінмен жұмыс
Тапсырма:Сан есімдер туралы түсінік бере отырып, құраған мәтіндерінде кездесетін сан есімдерді туып, астын сызу.
Мақсаты:Сан есімдерді анықтай білуге дағдыландыру......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру