Еліктеу жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару (2 сынып, III тоқсан )
Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу, жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры: (ОБ сілтеме) 2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды
2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан сахналық қойылымға қатысады. Шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.
Сабақ барысы: (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.
Оқушылар шеңберге тұрып, бір оқушы ортаға шығады мұғалім бір жануардың атын көрсетеді, оқушы қимыл арқылы басқа оқушыларға түсіндіреді, қалғандары сол жануардың атын табады. «АЮ». Оқушыларға 3 түсті аюлардың суреті таратылады. Сол бойынша топқа бөлініп отырады.
(Ұ,Т)Үш топқа «Үш аю» туралы ертегінің үзінділері беріледі. Сол үзіндіні оқып, мазмұнына қарай орналастыру тапсырылады.
Үш аю
Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.
Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені әкесі, ортаншысы шешесі және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.
Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады.
Қыз қонжықтың орындығына отырып, көк табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды. Қолымен қонжықтың қасығын қағып жібереді. Қасық ұшып барып, бұрышта тұрған сандықтың астына кіріп жоқ болады.
Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.
Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады. Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:
(Ұ) Берілген кестені толтыру.
Дұрыс
Дұрыс емес
Кішкентай қыз орманда тұрады
Адасқан қыз ағаштар арасында тұрған ата мен әженің ескі үйіне келеді
Бұл ескі үй үш аюдың үйі
Аюлар орманға серуендеуге шықты
Кішкентай қыз орманда адасып кетті
Үстел үстінде ас құйылған үш ыдыс тұрды
Кішкентай қыз ортаншы орындыққа отырды
Қонжықтың орындығы ең ыңғайлысы болды
Тамақтанған қыз далаға серуенге шықты
Аюлар да үйіне келіп тамақтанып, ұйықтауға жатты
Аюлар қыздың келгеніне қатты қуанды
(Т) Әр топқа мәтіннің соңын өз ойынан жазу тапсырылады.
(Ұ)Оқушыларға мәтіннің соңы беріліп, рөлге бөліп оқу, сахналау тапсырылады.
– Менің ыдысыма тиіскен кім?! – деп ақырады.
әкесі ыдысына қарап:
– Менің табағымды орнынан қозғалтқан кім?! – дейді ашуланып анасы.
Кішкене қонжық жіңішке дауысымен:
– Менің тамағымды мүлдем ішіп қойыпты, – дейді көк табақты қолына алып.
Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап:
– Менің қасығыма тиіскен кім?! – деп ақырады жуан дауысымен.
– Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді ортаншы аю.
Қонжық жіңішке дауысымен:
– Ал менің қасығым жоқ, – дейді жан-жағына қарап.
әкесі:
– Кім менің орындығымды қозғалтқан?! – дейді зор дауысымен.
Анасы болса:
– Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді налып.
Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.
– Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, – дейді қонжық жыламсырап.
Аюлар ішкі бөлмеге кіреді.
– Менің төсегіме жатқан кім?! – дейді әкесі ақырып.
– Ал менің төсегіме шыққан кім? – дейді анасы басын шайқап.
– Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді қонжық таң қалып.
Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап:
– Қара мұны!
– Ұстаңдар! Ұстаңдар!
– Ұста оны! – деп айғайға басады.
У-шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған үш аю артта қалады.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Еліктеу жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Еліктеу жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару