Әңгіменің мазмұнын айту (2 сынып, II тоқсан )

 Әңгіменің мазмұнын айту (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Әңгіменің мазмұнын айту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А 2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау.
2.1.2.1 Әңгімедегі оқиғаларды ретімен қойып, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтай алады.
Сабақ мақсаттары: Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтып үйрену.
Сабақ барысы: (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға гүл туралы жұмбақ жасыру
Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсатына байланысты бағалау критерийлерін ұсынады.
Гүлдер арқылы топқа бөліну.
Қызыл, сары, ақ гүлдер.
Әрі бері жүріңдер,
Қателеспей тезірек,
4-4-тен тізіліңдер.
(МК)Тыңдалым
Мақсаты:Оқушылардың сабаққа назарын аударып, гүлдер жайлы мағлұмат беру.
Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, Әли мен Айяның гүлдер туралы әнін тыңдайды.
Өздері білетін гүлдер туралы әңгімелейді.
Сен білесің бе?
- Әлемдегі ең үлкен гүл?
- Әлемдегі ең кішкентай гүл?
- Гүлдер қалай болды?
(Ұ,Ө) «Гүл» әңгімесін оқу.
Мақсаты:Мәтінді оқу арқылы, мазмұнын түсіну.
Баяғы заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл қайда тығыларын білмей, ешқайда қаша алмай, әбден мұңайыпты. Жаңбыр жауып басылған соң, күн қайта ашылады. Енді гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әртүрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде гүлдің басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ,-деп мұңая бстайды. Қарап тұрған күннің көзі бұлтпен жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң гүл жан-жағына қараса, өзі сияқты әдемі гүлдердің өсіп келе жатқанын байқайды. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай!»-деп қуанады. Келесі күні гүл өз достарымен танысып, бірге билей бастайды.
Бүкіл сынып оқушылары әңгімені жетік біліп меңгергенінше бірнеше рет қайталап оқыту.
Әңгімені талдауға арналған сұрақтар:
Мақсаты:Оқушылардың мәтін мазмұны жайлы түсініктерін анықтау.
- Оқиға қайда болған деп ойлайсыңдар?
- Әңгіме не туралы?
- Гүл неге мұңайды?
- Жаңбыр жауғанда қандай өзгеріс болды?
- Гүл неге биледі?
- Әңгімедегі негізгі ой не?
- Әңгіме желісіне сай қандай мақал-мәтел білесіңдер?
(Ұ) Әңгіменің мазмұнын жазу үшін жоспар құру.
Мақсаты:Мәтін мазмұнын жүйелей білуге үйрету..
Жоспар:
1. Досы жоқ гүл.
2. Жаңбыр.
3. Гүлдің биі.
4. Достар.
(Ж,Қ) Оқушылар жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын жазады.
Мазмұнын айтқанда баяндау тілін қолдану ескертіледі.
Мысалы: баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде... сөздерін қолдануды ұсыну.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру