Үзіліс ережелері (2 сынып, II тоқсан )

 Үзіліс ережелері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы : Үзіліс ережелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) 2.2.3.1 Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды;
2.1.5.1 Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымына қарай түрлерін ажыратады
Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады.
Сабақ барысы: (Ұ) Шеңбер құру. Алдымен балалар өзіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез – құлыққа байланысты сөздерді таңдап, соған өз атын тіркеп айту керек.
Мысалы: Ақылды -, байсалды -, сыпайы -, әдепті -, алғыр -, білгіш --, ізетті -, мейірімді -, бауырмал -, кішіпейіл - тілалғыш -.., білімді -, әдемі -, талапты -, сүйкімді -, шыншыл -, қайратты -, ақкөңіл -, еңбекқор -, қайырымды -, әділетті -, намысшыл -, адал -, сыйлы -, шыдамды -, батыр
(Ұ) Мақалды талдау.
1) Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
2) Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.
Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың мақалды қаншалықты түсінгендерін сұрап, сұрақтар қою арқылы талдау.
Сынып үш топқа бөлінеді.Әр топтың ортасында мақалдың жалғасы жазылған сөздер жатады.
(Т, МК) Ойын: «Мақалдың жалғасын тап»
1 – топ
- Әдепті бала ата - анасын мақтатар,....................
2 – топ
- Әдептілік белгісі.......................
3 – топ
Инабаттылық әдептіліктің -..................
(әдіпсіз бала ата –анасын қақсатар, иіліп сәлем бергені, белгісі)
Мақалдың жалғасы жазылған сөздерді дұрыс тауып, оқып берген топ мүшелерін қол шапалақтау арқылы бағалаймыз.
(Ұ,МК) Өлеңдер оқимыз.
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
(МК,Ұ) Берілген жағдаятты ұжыммен талдау.
Сергіту сәті. Музыка ырғағымен сергіту сәті орындалады.
Үзіліс кезінде өзімізді әдепті ұстай білеміз бе?
(Т) Оқушыларға постерге үзіліс кезіндегі ережелерді топтасып құрастыру тапсырылады.
(Т) Әр топ мүшелері өздерінің үзіліс кезінде орындайтын ережелерімен тансытырады.
(МК) Бұдан кейін толықтырулар енгізіп, тақтада жазылған ережелерді оқимыз.
Үзіліс кезінде оқушылар:
баспалдақтармен жүгіруге,
терезе маңында,басқа да ойнауға;
бір-бірін итеруге,
заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға,
басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.
Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру, тазарту;
мұғалімнің талаптарына бағыну.
терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады.
Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақтармен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде, терезеге жақын жерлерде жүруіне болмайды.
(МК) Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру