15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?  (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 15-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу.
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтау.
3. Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындайды, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы:Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген фотоколлаждарын сипаттайды, тиісті ақпарат береді.
Ой қозғау. Сұрақ қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Күш – білімде, Білім – кітапта», – нақыл сөзін қалай түсінетіндерін сұрайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Тыңдаған әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сюжеттің даму желісін анықтау.
3. Тақырыпқа қатысты ақпарат жинау.
(Т) Жазылым. Оқушылар үлгі бойынша сызбаны толтырып, постер құрады. Бірінші топқа – Абай Құнанбаев постерін, екінші топқа – Шоқан Уәлиханов постерін, үшінші топқа Бауыржан Момышұлы постерін дайындау тапсырылады. Әр топ өз постерін қорғап шығады.
Топтардың жауабы «Шапалақ» әдісі
арқылы бағаланады.
(Т) Жазылым. Айтылым. Оқушылар топтасып, берілген сурет бойынша қосымша дереккөздерден Ә.Қастеевтің туындысы туралы ақпарат жинайды. Кестені толтырады. Жазған ақпараттары мен суретке сүйеніп, берілген туынды туралы әңгімелейді.
Туындының авторы ...
Туындының атауы ...
Туындының шыққан жылы ...
Туындының негізгі кейіпкерлері ...
Туындыда бейнеленген мезгіл ...
Суретшінің арман-қиялынан пайда болған құрылғы
Дескриптор:
- тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді;
- ақпаратты кестеге орналастырады;
- жинақтаған ақпараттың негізінде әңгімелейді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру