11-сабақ Саған не ұнады? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

 11-сабақ Саған не ұнады? (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: 11-сабақ Саған не ұнады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен дұрыс жазу
Сабақ мақсаттары:
• Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
• Оқылған мәтін бойынша тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндау.
• Сөздерді орфографиялық ережеге сәйкес жазу.
Оқушылардың барлығы: оқыған, тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен дұрыс жазады, сөйлем құрап жазады.
Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірлерін білдіреді.
Сабақ барысы: Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
• Суреттен нені көріп тұсыңдар?
• Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақ мақсатымен таныстыру:
• Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.
• Оқылған мәтін бойынша тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндау.
• Сөздерді орфографиялық ережеге сәйкес жазу.
(МК, Ұ) Сабақтың тірек (бұрын) сөзін қазір, болашақ сөздерімен салыстыра отырып, сурет арқылы меңгерту.
БҰРЫН ҚАЗІР
Бұл кітап екі жүз жыл бұрын жазылған. Қазіргі кітаптар.
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын
Қандай айырмашылық байқадың?
Жазылуы Айтылуы
бұрын бұрұн
түркі түркү
көне көне
(Ұ) Тыңдалым. Диалогті тыңда.
Келесі сұрақтар қойылады:
• Диалог кімдердің арасында болды?
• Олар қайда барды?
• Әнел қандай ақпарат алды?
• Көне кітаптар қанша жыл бұрын жазылған екен?
• Ал сен көне кітаптарды көрдің бе?
• Қазіргі кітаптардан айырмашылығы неде?
(Ұ) Оқылым.
1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындайды.
2. Мәтін бойынша суреттерге сәйкес жауап жазады.
Бұл кітаптар қай кезде, қай тілде жазылған?
________________
________________
__________________
____________
3. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады:
Кітап музейі, араб, түркі, оныншы ғасыр, екі жүз жыл бұрын, электронды кітап, ұнады.
Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
˗ кітаптардың қай кезде, қай тілде жазылғанын жазады;
˗ тірек сөздермен мәтінді мазмұндайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру