Қызықтырып әңгімелеймін (1 сынып, 7 бөлім )

 Қызықтырып әңгімелеймін (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Қызықтырып әңгімелеймін
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.3.1 мұғалімнің қолдауымен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау;
1.1.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
Сабақ мақсаттары: Мәтінді сөйлемнен ажырату, оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау; мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.
Сабақ барысы: (Ұ) «Иә», «Жоқ» ойынын ойнау. Интерактивті тақтаға түлкінің суретін шығарып, бір оқушыны ортаға шақыру. Суретте не екенін білмейтін оқушы сыныптастарына сұрақтар қояды.
Сыныптастары «Иә», «Жоқ» деп жауап береді. Түлкінің суреті екенін анықтағаннан кейін, мұғалім оқушыға:
Түлкі немен қоректенеді? (балықпен)
Түсі қандай болады? (сарғыш)
Терісі қандай? (жұмсақ, қалың, түкті)
Қандай ертегілерде кездеседі? (бауырсақ)
Олай болса балалар, бүгін мен сіздерге түлкі туралы тағы бір ертегі алып келдім. Бірақ маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. (Т)Бұл ертегінің басы болғанмен ортасы мен соңы болмай тұр. Қазір сіздер топ болып осы ертегінің ортасы мен соңын болжап көріңіздерші.
Баяғыда түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырмақшы болады.
– Досым тырна, маған қонаққа кел, – деді.
Тырна түлкіге қонаққа келді. Түлкі ботқа пісіріпті…. (оқушыларға болжату, әр топ өз болжамдарын оқып болғаннан кейін мұғалім түпнұсқаны оқиды, әр топ өз болжамдарын түпнұсқамен салыстырады.)
Ботқаны тәрелкеге салып, тырнаға берді. Тырна ұзын тұмсығымен тәрелкені тырс-тырс еткізді, бiрақ ештеңе жей алмады. Ал түлкi рахаттанып, ботқаны өзi жеп қойды. Сосын:
– Ренжіме, тырна, менде басқа ештеңе жоқ, – деді.
– Рахмет, түлкі, ертең маған қонаққа кел, – деді тырна.
Ертеңіне түлкі тырнаға қонаққа келді. Тырна көже пісіріпті. Көжені құмыраға құйып, түлкіге берді. Бірақ түлкінің тұмсығы құмыраға сыймады, түлкі ештеңе жей алмады. Ал тырна рахаттанып, өзі көжені ішті.
– Түлкі, досым, менде басқа ештеңе жоқ, – деді.
Ештеңе айтпай, түлкі кетіп қалды. Содан бастап түлкі мен тырна дос емес екен.
-Ертегі не туралы? (түлкі мен тырна)
-Түлкі мен тырнаның достығы неден бұзылды?
-Түлкі дұрыс жасады ма? Ол қонақтың алдындағы жауапкершілікті сезінді ме?
-Қонақ шақырғанда біз не істеуіміз керек? (жауапкершілікпен қарауымыз керек, қонағымызды сыйлап, құрмет көрсетуіміз керек)
Дифференсаци
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
… тәрелкеге салып, тырнаға берді.
2. «Тырна» сөзіне дыбыстық талдау жасаңыз.
Сергіту сәті
Қара жорға биін билеу.
(ЖЖ) Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар жұбымен алдындағы тұрған заттарды (жартылай су құйылған 0,5 пластмас құмыра, ұсақ тастар, қағаз, қасық, қарындаш) пайдалану арқылы түлкінің тамақ ішуіне көмектеседі.
Рефлексия. Берілген дайын 3 түсті дөңгелектерді бағдаршамға жабыстыру арқылы сабаққа кері байланыс беру.
Жасыл – сабақ өте жақсы өтті
Сары – сабақ орташа өтті
Қызыл – сабақ ұнамады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру