Туристік жолды жарнамалау №1 (1 сынып, 5 бөлім )

 Туристік жолды жарнамалау №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Туристік жолды жарнамалау №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) О5.Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады
Сабақ мақсаттары: Саяхат жайлы жаңа сөздерді үйренеді. Саяхат тақырыбына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөздерді таңдап жазады, оқиды, талдайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Еуропа елдеріне саяхат» жасау
Балалар шеңбер бойымен тұрады да бір -бірімен әр түрлі әдіспен амандасады.
Маңдаймен амандасу
Иықпен амандасу
Тіземен амандасу
Құлақпен амандасу
Мұрынмен амандасу
Саусақпен амандасу
Қолмен амандасу
-Сәлеметсіз бе!
-Қайырлы таң!
-Қайырлы күн!
-Амансыз ба?
-Сәлем!
(Ұ) «Ойлан, тап!» ойыны
Оқушыларға саяхатшы туралы жұмбақ жасыру.
Ел мен жерді аралап,
Жүреді ол саяхаттап. Ол кім?
-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?
-Саяхатшы туралы не білеміз?
-Біздер өткен сабақта көп жерлерге саяхат жасап, ертегі кейіпкерлерімен де, көптеген жерлермен де танысқанбыз.Енді саяхатшы бізге келеді.Сендер саяхатшының бізге келе жатқанын елестетіңдерші.Ол Көкшетау қаласына келу үшін біз жақсы дайындалу керекпіз. Оған өз қаламызды қалай таныстыратынымызды ойластыру керекпіз.
-Ендеше сабағымыздың тақырыбы Туритстік жолды жарнамалау.
-Сабағымыздың мақсаты Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) тану және ажырата алу.
-Қандай критерийлерге қол жеткізу керекпіз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
-Балалар, егер біз қандай да бір әңгіменің басты кейіпкерін қаламызға шақырған болсақ, оған не айтар едік?
-Оны біздің қаламыздың қай жері қызықтырар еді?
-Ол біздің қаламызға қалай жетер еді?
-Ол қалай (жаяу немесе көлікпен) барар еді?
-Оның қызығушылығын тудыратын жерлердің тізімін құрайық.
(Ө) «Таңдау» ойыны
Оқушылар қаладағы өздеріне ұнайтын жерлерді тізіп жазады.
-Саған қаланың қай жері ұнайды?
-Неге?
- Ол жер сені несімен қызықтырады?
Оқушылардың жазған жерлерінің суреттерін көрсету.
Сергіту сәті «Қара жорға» би жаттығулары
(Т) Карточкалармен жұмыс
-Балалар, саяхатшыны қыдырту үшін біз өзіміз қаланы жақсы білу керекпіз.Ендеше қазір біз де саяхат жасап, арнайы тапсырмаларды орындап, саяхатшыны жүргізетін жол картасын жасаймыз.
Топтарға халық ауыз әдебиеті үлгілері жазылған карточкалар/суреттер беріледі.Әр топ тапсырманы оқып, топ ішінде бірігіп талдайды да орындайды.
(Т) Жол картасын жасау
Әр топ өз тапсырмасын қалай орындағанын көрсетеді де барған жерін таныстырып, суретін картаға жапсырады.
(Ө)Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыстар
Оқушыларға ҚБ арналған жұмыстар жазылған парақтар таратылады. Оқушылар жеке отырып, тапсырманы орындайды.
Тапсырма:Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқып, бір-бірінен ажыратып, тиісті сызықпен сәйкестендір.
(ҚБ) Оқушылардың халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқып, бір-бірінен ажырата алу қабілеттерін бағалаймын......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру