Достық деген не? (1 сынып,3 бөлім )

 Достық деген не? (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Достық деген не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)
Сабақ мақсаттары: Мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
(Ұ)Психологиялық ахуал:
Сабақты оқимыз, көңілге тоқимыз,
Қазақ тілін үйреніп қазақша сөйлейміз.
Сөздер үйренеміз, мәнін түсінеміз,
Келешекте әлі біз, биікке жетеміз...
/оқушылар хормен әндетіп айтады/
(Ұ) «Дос болайық бәріміз» әнін айту.
-Балалар, өлең не туралы?
-Сендерге ұнады ма?
-Бұл өлеңді тыңдағанда, айтқанда естеріңе не түсті?
-Достық деген сөзді қалай түсінеміз?
(Ж) «Суреттер сөйлейді»
Мақсаты: Сабақтың мақсатын ашып, ойлану дағдыларын дамыту.
Сурет бойынша болжап, ат қояды. Осыдан сабақтың мақсаты талқыланады.
(Ж) Дифференциация «Менің ойымша........»
Суретке мұқият қарап, суреттін ұнағаню, ұнамаған тұстарын дәлел мен айтып береді.
/өзара бағалау/
(Т) Кластер құрастыру
Мақсаты: өз көзқарасын білдіруге дағдыландыру
1-топ А деңгей
Достар №1
5 дос аулада ойнап жүрді.
Айдар байқамай Әмірді соғып кетті.
Әмір: - Мен сенімен енді ойнамаймын деп ренжіді.
Достары:
- Тату болыңдар!
- Кешірім сұра!,
- Ол байқамай қалды.
Айдар:
- Жоқ, мен кешірім сұрамаймын! Ол өзі жолда тұрды.
Әмір:
- Ол жаман дос! Мен енді дос болмаймын, -деп жылады.
Балалар ренжіп үйлеріне кетті.
Ұнамаған тұстарын айтып береді.
2 топ Б деңгей
Достар №2
5 дос аулада ойнап жүрді.
Жанат байқамай Арланды соғып кетті.
Арлан:
- Сен неге қатты жүгіресің? Сен қандай доссың?- деп ренжіді.
Достары оларға:
- Тату болыңдар!
- Кешірім сұра!
- Ол байқамай қалды.
Жанат:
- Кешір мені, мен байқамай қалдым.
Арлан:
-Мен кешіремін. Сен қатты жүгірме, байқап жүр. Кел достасайық, -деп күлімсіреді.
Балалар қуанып, барлығы құшақтасты. Үйлеріне әнмен тарады.
Бізге мәтін ұнады.
Өйткені................................................................
Арлан өте ..................................................................
Сосың балалар ..........................................................
3-топ
5 дос аулада ойнап жүрді.
Айдар байқамай Әмірді соғып кетті.
Әмір: - Мен сенімен енді ойнамаймын деп ренжіді.
Достары:
- Тату болыңдар!
- Кешірім сұра!,
- Ол байқамай қалды.
Айдар:
- Жоқ, мен кешірім сұрамаймын! Ол өзі жолда тұрды.
Әмір:
- Ол жаман дос! Мен енді дос болмаймын, -деп жылады.
Балалар ренжіп үйлеріне кетті.
Бізге мәтін ұнамады. Өйткені мәтінде ........ мен ............ нағыз дос емес.
Сосың балалар ............................................ кетті. Балалар біз ............................ болуымыз керек.
4-топ 5 дос аулада ойнап жүрді.
Жанат байқамай Арланды соғып кетті.
Арлан:
- Сен неге қатты жүгіресің? Сен қандай доссың?- деп ренжіді.
Достары оларға:
- Тату болыңдар!
- Кешірім сұра!
- Ол байқамай қалды.
Жанат:
- Кешір мені, мен байқамай қалдым.
Арлан:
-Мен кешіремін. Сен қатты жүгірме, байқап жүр. Кел достасайық, -деп күлімсіреді.
Балалар қуанып, барлығы құшақтасты. Үйлеріне әнмен тарады.
Ұнаған тұстарын айтып береді.
Сергіту сәті
Мен досымды жақсы көремін.
Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
Сөздік диктант
Дос, Айгүл, достық, Көкшетау, Құлагер.
/өзара тексеру/ ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру