«Тісті қорғау - денсаулық кепілі» (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы: «Тісті қорғау - денсаулық кепілі»
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Сабақтың мақсаты: О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
Оқушылар «Жасырын сөз» ойынын ойнайды.
Екі оқушыға «тіс», «тіс пастасы» деген сөздер жазылған қағаз қиындылары беріледі, оқушылар жасырын сөздің суретін флипчартқа салып, өз тобындағы оқушыларға қай сөз жасырылғанын тапқызуға тырысады (алдын ала оқушылар екі топқа бөлінеді).
Мұғалім оқушыларға анықталған сөздер арқылы, суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжатады.
Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау талаптарымен таныстыру.
Мағынаны тану кезеңі.
Жұптық жұмыс /5 минут/
Оқылым алды тапсырма: төмендегі сөздерді суреттермен сәйкестендіріңдер, суреттер арқылы оқылым мәтінінде болатын ақпаратты болжату.
1) тазалау; 2) емдеу; 3) күту; 4) тіс дәрігері; 5) тіс жегі (кариес); 6) дәрумен.
А Ә Б В Г
Оқушылар жұпта бірін-бірі тексереді. Жауаптарымен бөліседі.
Топтық жұмыс /15 минут/
Оқылым тапсырмасы: мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.
1. Мәтіндердегі негізгі айтылған ойға қатысты ат қойыңыздар.
2. Екі мәтінді салыстырып, төмендегі кестені толықтырыңыздар.
1-мәтін
Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз.
Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады.
Бүлдіргеннің тісіңізді ағартуға мол пайдасы бар. Мұны ең өнімді әдіс деп қарайтындар да бар. Себебі, бүлдіргеннің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, оны жеген соң артынан тісіңізді мұқият ысқыласаңыз өнімі көрінеді.
2-мәтін
Пациент Кіруге бола ма?
Дәрігер Кіріңіз. Отырыңыз. Сізді не алаңдатады?
Пациент Тісім ауырады.
Дәрігер Қарап көрейік. Қызуыңыз көтерілді ме?
Пациент Кеше қызуым көтерілді.
Дәрігер Ауызыңызды ашыңыз, тамағыңызды, тісіңізді қарап көрейік.
Пациент Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр. Құлағым ауыра
бастады.
Дәрігер Ия, сізде тіс жегі бар (кариес), тісіңіздің ауырғаны, сау
болмауы бүкіл ағзаның денсаулығына әсер етеді.
Пациент Тісімді емдеп беріңізші.
Дәрігер Уақытында келмегенсіз, сондықтан тісіңізді жұлдырту керек.
Пациент Жақсы.
Дәрігер Емделіңіз. Денсаулығыңыз тістің жағдайына байланысты
болатынын ұмытпаңыз.
Пациент Рақмет. Емделемін. Сау болыңыз...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары «Тісті қорғау - денсаулық кепілі» 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Тісті қорғау - денсаулық кепілі»