Дені саудың - жаны сау (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

 Дені саудың - жаны сау (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Дені саудың - жаны сау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың / сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толықтай түсінеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуенді тыңдап, сөздерді айналып жүреді. Әуен тоқтаған кезде қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады.
денсаулыққа пайдалы
денсаулыққа зиян
дәрумен
дұрыс тамақтану
көп жеме
пайдалы тағам
зиянды тағам
сау болу
жаттығу
шынығу
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) Сөз сыры . Оқушылар берілген суреттерге қарап, сөйлемді аяқтап айтады. Жаңа сөздердің мағынасын таниды. Сөйлемдер құрастырып айтады.
Денің сау болу үшін, ........................
(Ж) Мен білемін! Оқушылар жұпта берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Шағын топтарға бірігіп, жасаған жұмыстарын салыстырады, тексерді. Топтан бір жұмысты сынып алдына шығарады.
Менің атым – Арман. Мен спортпен айналысамын. Өйткені спортшылардың денсаулығы мықты болады. Сонымен қатар денім сау болу үшін дұрыс тамақтанамын және тазалықты сақтаймын. Мен тіс щёткасымен екі рет тісімді тазалаймын. Қолымды сабынмен жуамын.
Дені сау болу үшін Арман не істейді?
Арман қолын немен жуады?
Арман тісін немен тазалайды?
Тапсырманың мақсаты - оқушылардың оқылым дағдысын дамыту. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді мәтін ішіндегі қолданысын таныту.
Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
1) Мен мәтінді түсіндім.
2) Маған жұпта жұмыс жасау ұнайды.
Сергіту сәті. «Алақай, балақай!»
Оқушылар тақпақты айтады және орындайды.
1 – бір орында жүгір,
2 – 2 аяқпен секір,
3 – үш отырып, үш тұрып,
4 – қолыңды төмен түсір. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру