Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №2 Таулы аймақтарға саяхат (2 сынып, II тоқсан )

 Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №2 Таулы аймақтарға саяхат (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №2 Таулы аймақтарға саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
2.1 Сөздік қорды толықтыру
2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрайды. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Таулардың суреттерін көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№2. Таулы аймақтарға саяхат.
-Сабағымыздың мақсаты:
• Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
• Өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.
(Ұ) Сұрақтарға жауап беру.
-Жайлау дегеніміз не?
-Онда адамдар не істейді?
- Жайлауда нелер өседі?
(Ұ) Тыңдалым алды сөздік жұмысын орындау.
Оқушылар мәтінді тыңдайды.
Жайлау күні
Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесіп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейін асық ойнап, тайға мініп мәз болды.
-Жайлау жақсы екен, тек күні қысқа. Ойнап жатқанда батып кетеді,- деді. Құрмаш:
-Онда ертең менің орныма бір күн қозы бақ,- деді.
Жұмаш келісті. Ертеңінде ертемен қолына таяқ ұстап, қозыны өріске шығарды. Қозылар жайылып жүр. Ауыл жаққа қараса, балалар ойнап жүр екен. Мен де ойнасам деп қызығып кетті. Бірақ күн орнынан қозғалмай тұрғандай көрінді. «Бұл қалай, күнде тез өтетін еді, - деп таңданды Жұмаш.- Бүгін күн бататын емес қой», - деп, шыдамай қозыны қораға ерте айдап келді.
Келген бетте Құрмашқа:
- Жайлаудың күні әр түрлі болады екен. Кей күндері қысқа, кей күндері ұзақ. Әсіресе бүгін ең ұзақ күн болды, - деді де, қозыны тастап, баларға қарай жүгіріп кетті.
(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.
1. Балалар қайда барды?
2. Құрмаш пен Жұмаш жайлауда не істеді?
3. Неге Жұмаш үшін күн қысқа болды?
4. Неге Құрмаш Жұмашқа қозы бағуды ұсынды?
5. Қалай ойлайсыз Құрмаш пен Жұмаш қандай балалар? Сипаттап бер.
6. Адамдар жайлауда қандай істер істейді?
7. Жұмашқа қандай кеңес берер едің?
(Ж) Оқушылар жұпта Ә. Кастеевтың «Қымыз фермасы» атты суретіне қарап, сипаттайды.
Жұпта бірін-бірі бағалайды.
СЕГІТУ СӘТІ
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады.
Үйге тарпсырма: «Жайлау күні» мәтінін
мазмұндау. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру