Азға қанағат ет № 8 - 1 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Азға қанағат ет  № 8 - 1 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Азға қанағат ет № 8 - 1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, сөздерді дұрыс байланыстырып жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіннің жанрын ажыратады, тірек сөздер бойынша мәтін құрастырады, өз бетінше жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, тақырып бойынша өз ойын білдіреді, өз бетінше мәтін құрастырады.
Сабақ барысы: Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
Үй жұмысын тексеру:
Оқушылар еріншектік, жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айтады:
Жалқаудың жауы - жұмыс.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еріншектің ісі — екі
Жалқауға күнде той.
Кері байланыс: Оқушылар жауабын қорытындылап, еріншек, жалқау болмауға шақыру.
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. (Тақтада оқушылардың тіліне бейімделген оқу мақсаттары жазылады)
- оқыған мәтіннің жанрын анықтаймын;
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
- жалғауларды дұрыс қолданамын.
(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: апар, ереже
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы түсіндіру.
Ереже – қағида, апар - жеткіз
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Темір таға, ұста дүкені, ереже сақтау, апарып беру.
4. Сөйлемдер құрастыру.
Топтың ережесін сақтау керек. Мен анама кітап апардым.
5. Грамматикалық қоржын.
Мен апар+а+мын, біз апар+а+мыз
Сен апар+а+сың, сендер апар+а+сың+дар
Сіз апар+а+сыз, Сіздер апар+а+сыз+дар
Ол апар+а+ды, Олар апар+а+ды
Оқылым алды тапсырмасы.
(Ұ, МК) Мұғалім мәтінді оқымас бұрын оқушыларды авторымен таныстырады
Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Балаларға арналған әңгімелері өте көп. Бүгін біз «Әке мен бала» атты әңгімесімен танысамыз. Ы.Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келген ағартушы, ұстаз,
жазушы. Алғаш мектеп ашқан, әліппе жазған.
Оқушылар «Әке мен бала» мультфильмін көреді.
Мультфильмнің негізгі кейіпкерлерін айтады.
Оқылым кезіндегі тапсырма
(Ұ) Оқушылар мәтінді рөлге бөліп оқиды.
Бір адам жолда ескі тағаны көріп:
— Балам, анау тағаны, алшы! — дейді.
— Әке, ескі таға ғой, пайдасы жоқ, - деп, бала тағаны алмайды.
Әкесі тағаны өзі алады.
Әкесі ескі тағаны ұсталарға үш тиынға сатады. Шие сатып алады.
Әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Бала шиені жерден алып, жейді. Ол жерге түскен шиені он рет алып жейді.
Әкесі баласына:
— Көрдің бе: «Пайдасы жоқ!» - деп, тағаны алмадың. Шиені он рет алдың. Есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете алмасаң — көптен құр қаласың, — деді.
Ы.Алтынсарин
(Ұ) Сұрақтарға жауап береді
1. Әкесі жолдан не тауып алды?
2. Бала тағаны алды ма?
3. Әкесі тағаны кімге сатты?
4. Әкесі не сатып алды?
5. Бала шиені қалай жеді?
6. Әкесі баласына не деді?
«Бас бармақ» әдіс арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру