Ораза дұғасы, ауыз бекіту және ауызашар дұғалары


Мұсылмандар Рамазан айын асыға күтеді. Мұсылман жұртшылығының үшінші парызы - Ораза ұстау. Ауыз бекіткен адам тамақтан ғана емес, бар жамандықтан тыйылып, рухани кемелдене түседі. Ораза жайлы, сәресі кезінде, сонымен қатар ауыз ашар уақытта оқылатын арнфайы дұғалар жайлы оқи отырыңыз.

Сәресіде оқылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».
 

Ауызашар кезінде оқылатын дұғалар

Оразада ниет маңызды. Ниетсіз, басқа мақсатпен (арықтау, т.б.) ауыз бекіту бекершілікпен тең. Бұл орайда ауыз ашар кезінде және ауыз бекіту кезінде оқылатын дұғаларды біле жүріңіз.

 

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу