Адам мінез құлығының вегетативтік көрінісі
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра:Қалыпты физиология кафедрасы, валеология курсымен
Тақырып:Адам мінез құлығының вегетативтік көрінісі
Орындаған:Былташ С.Т.
Факультет: Жалпы медицина
Топ:10-25-1
Қабылдаған:Қожаниязова А.Н.
Жоспары
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.ВЖЖ-нің морфо-функционалдық ерекшеліктері.
2.Вегетативтік рефлекстері,олардың түрлері.
3. ВЖЖ-нің қызметі.
4.Вегетативтік жүйке жүйесінің маңызы
5.ВЖЖ эмоцианалдық күйзелістің адам ағзасына әсері
6.Вегетативтік жүйке жүйесінің адам көніл-күйіне әсері
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Неліктен біз өз қалауымызбен жүрегіміздің соғуын тоқтатып немесе асқазандағы ас қорытылу процестерін тоқтата алмаймыз. Неліктен кенеттен қорқу жүрегіміздің соғуын тездетеді? Ішкі ағзалардың қызметін адам өз еркімен өзгерте алмайды оны арнайы жүйе Вегетативтік жүйке жүйесі бақылайды.ВЖЖ ішкі ағзалардың, қан тамырлар мен тер бездерінің барлық қызметтерін, онымен қатар қаңқа еттерінің қоректендіру процестерін реттейді.
Вегетативтік жүйке жүйесін автономиялық жүйе деп те атайды . Өйткені ішкі ағзалардың қызметін адам өз еркімен өзгерте алмайды. ВЖЖ гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды. ВЖЖ шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық бездер арқылы да әсер етеді.
ВЖЖ-НІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ВЖЖ-нің МОРФО-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.ВЖЖ-нің симпатикалық ( СЖЖ) және парасимпатикалық ( ПЖЖ) бөлімдеріне бөлінеді.
2. ВЖЖ-нің ошақтық сипаттамасы бар:
ПЖЖ-нің орталықтары ортаңғы және сопақша мида,
жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан;
СЖЖ-нің орталықтары тек қана жұлында орналасқан ( кеуде және 1-4 бел сегменттері )
3. ВЖЖ-нің шеткі бөлімі қос нейронды болады:1-ші ми мен жұлын бөлімдерінде , 2-ші- шеткі ганглийлерде жатады.
4.Жүйке талшықтары екіге бөлінеді: пре және постганглийлік талшықтары.
Преганглийлік жүйке талшығы миелинді, " В" тобын құрайды:
постганглийлік талшығы миелинсіз. "С" тобын құрайды.
5. ПЖЖ-нің преганглийлік талшықтары постганглийліктен ұзын.
6. СЖЖ-нің постганглийлік талшықтары преганглийліктен ұзын.
7. Синапстық кідіру ұзақ -1,5-30мс.
8. ВЖЖ- нің қозу қабілеті СЖЖ-не қарағанда әлдеқайда төмен, ӘП ұзақ, қозғыштығы төмен, рефрактерлік кезеңімен хронаксиясы ұзақ.
9. Ізді потенциал ұзаққа созылады ( 300-400мс), сондықтан вегетативтік рефлекстері баяу өтеді.
ВЖЖ-нің Ганглийлері
ВЖЖ-нің медиаторлар
Қозуды өткізу негізгі әдісі-химиялық. Синапста медиатордың тек қана бір түрі бөлінеді, оның әсері постсинапстық мембрананың рецепторлардың түріне байланысты.
Негізгі медиаторлар –ацетилхолин (АЦХ) және норадреналин (НА).
ВЖЖ-нің РЕЦЕПТОРЛАРЫ:
. холинорецепторлар-М-және Н;
. адренорецепторлар – α- жәнеβ.
α- тарылтады;
β- қан тамырларын кеңітеді
Жүректе, бронхтарда β-адренорецепторлар ғана бар.
ВЕГЕТАТИВТІК РЕФЛЕКСТЕР.
Висцеро-висцеральдық (аксон-рефлекс)
Висцеро-моторлық
Висцеро-дермалық
Дермо-висцеральдық
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердің әсері
МЕТАСИМПАТИКАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ (МЖЖ)
Ішкі ағзалардың ( жүрек, бронхтар, қуық) қабырғасында орналасқан және шеткі рефлекстік доғасын құрайтын микротүйіндердің комплексін МЖЖ дейді.
Симпатикалық нерв жүйесінің қозуы ми, тері, перифериялық қан тамырларының және бронхтың кеңеюіне әкеледі, жүректің жиырылуын үдетеді және жылдамдатады, бұлшықеттің жиырылуын, бүйрекүсті бездерінің гармондарының бөлінуін күшейтеді.
ВЖЖ эмоциялық әсерлерге өте сезімтал. Қайғы, ашу, мазасыздану, қорқыныш бұл күйлер ағзаны өзгеріске келтіреді.Мысалы кенеттегі қорқыныш жүректің соғуын тездетеді, тыныс алу тез және терең, қанға бауырдан глюкоза шығарылады, асқорыту сөлінің бөлінуі тоқтайды, ауыз қуысы құрғайды.
Осындай ұзақ және күшті эмоцианалдық күйзелістің әсерінен күрделі аурулар пайда болады.Олар гипертензия, коронарлық жүрек ауруы, асқазанның язвалық аурулары т.б.
Қорытынды
Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Осы арқылы сезімдер мен эмоциялардың организмде жүретін өзгерістерімен байланысы анықталады. Осындай өзгерістер арқылы адамның қандай күйді басынан өткізіп тұрғанын мимикалық бұлшықеттер арқылы байқауға болады
Пайдаланылған әдебиеттер.
Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов Ә.А., Нілдібаева Ж.Б. (Оқулық). - Алматы. «Білім» баспасы, 1995. 161-163: 178-180 беттер
Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов Ә.А., Нілдібаева Ж.Б. - Алматы. «Дәуір» баспасы, 2005225-226, 242-246 беттер,
Физиология с основами анатомии человека под. Ред. Логинова А.В. 1893.стр 141-157,164-173
Гальперин С.И. Физиологические особенности детей. М. 1965г
Ермолаев Ю.А. Возрастная физиология. М.1985г
Хрипкова А.Г., Антропова М.В. Возрастная физиология и школьная гигиена, 1990г
Колесинская Р.Д, Соколов А.Д. Возрастные особенности физиологических систем растущего организма. Алматы. 2007
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру