Олимпиадалық тапсырмалар: География (8, 9, 10, 11 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: География (8, 9, 10, 11 сынып)

8 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: горизонтальдар, тераилар, сайқан, румб, астролябия (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай.).
2 - Тапсырма. (Барлығы 14 ұпай, жауаптың толықтығына және тақырыптың ашылуына байланысты).
а) Физикалық картада экваторға параллель жатқан пунктир сызықтары бар. Бұл қандай сызықтар? Олар немен ерекшеленеді? Олар қалай жүргізілген? Қандай белдеулерді шектейді? (дұрыс жауапқа 3 ұпай).
б) Егер сіз легенге су құйсаңыз, онда ол толғаннан кейін төгіле бастайды. Мұхиттарға әрбір минут сайын өзендерден өте көп мөлшерде су құйылады. Мысалы, Атлант мұхитына Амазонка өзені әрбір секунд сайын 220 мың м3 су құяды. Неліктен мұхиттар толып кетпейді? (дұрыс жауапқа 3 ұпай).
в) А.С.Пушкинның «Медный всадник» поэмасында мынандай сөздер бар

Жарты - ақ сағат беріп түнге алмасып, И не пуская тьму ночую
Бір шапағат келесіге жармасып На золотые небеса,
Асығады, қараңғылық жібермей Одна заря сменить другую
Алтынданған аспанға таласып Спешит, дав ночи полчаса.

Бұл шығармада А.С.Пушкин не туралы жазған? Бұл құбылыс қай жерде байқалады? Оның максималды ұзақтығы қанша? Оны Аргентина тұрғындары байқай алады ма?
(дұрыс жауапқа 4 ұпай).

Тест тапсырмалары
(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1. 1:7500 000 масштабтағы картада ұзындығы 3 сантиметр кесіндінің ара қашықтығы жергілікті жерде нешеге тең?
A.125 км
B. 225 км
C.275 км
D.350 км
E.370 км

2. 200 м биіктікте орналасқан А нүктесінің атмосфералық қысымы – 740 мм тең, онда 400 м биіктікте орналасқан Б нүктесінің қысымы нешеге тең?
A. 720мм
В. 800 мм
С. 520 мм
D. 420 мм
Е. 220 мм

3. Қандай ірі өзенде Тома Сойера және Геклькберри Финна оқиғасы болған?
А. Миссисипи
В. Маккензи
С. Колорадо
D. Рио-Гранде
Е. Юкон

4. 7° экваторда орналасқан А және Б нүктелерінің арасын қанша километр бөліп жатыр.
А. 444 км
В. 777 км
С. 333 км
D.111 км
Е. 101 км

5. Поляр жұлдызын өздерінің оң жақтарынан көрген туристтер тобы қандай бағытта жүріп келе жатқан?
А. оңтүсік-батыс
В. оңтүстік
С. солтүстік
D. шығыс
Е. батыс

6. Меконг өзені Оңтүстік – Шығыс Азиядағы бірнеше мемлекеттердің аумағынан ағып өтеді. Оның еуропалық «егізі» деп атауға болатын су ағынын табыңыз.
A. Днепр
B. Днестр
C. Дон
D. Дунай
E. Дуэро

7. Жел энергиясы қандай табиғат ресурстарына жатады?
A. сарқылмайтын
B. сарқылатын қалпына келетін
C. сарқылатын қалпына келмейтін
D. табиғат ресурстарына жатпайды
E. дұрыс жауабы көрсетілмеген

8. Аласа қараған (акация) мен эквалипттердің құрғақ бұталы тоғайлары қай жерге тән:
A. Африка
B. Аустралия
C. Еуразия
D. Оңтүстік Америка
E. Солтүстік Америка

9. Жердің орталығынан экваторға дейінгі қашықтығына қарағанда, Жердің орталығынан полюстерге дейінгі қашықтығы шамамен 21 км аз, ол немен түсіндіріледі:
A.Жердің ішкі құрылымының ерекшеліктірмен
B. гравитациялық үрдістермен
C. Жердің өз осімен айналуымен
D.Жердің орбита бойымен айналуы
E. барлық жауаптар дұрыс


10. Жер шарының беті ... сумен жабылған.
A.20,9%
B. 55,7%
C.70,8%
D.85,2%
E.90,3 %

11. Егер азимут 144° құраса, онда ол бақылаушыдан ... орналасқан:
A.солтүстікте
B.солтүстік-шығыста
C.оңтүстік-шығыста
D.батыста
E.дұрыс жауабы көрсетілмеген

12. Дүниежүзілік мұхит түбіндегі ең терең жерлер қайда орналасқан?
A. шұңғымаларда
B. қазаншұңқырларда
C.қайраңды жерлерде
D. литосфералық тақталардың жылжу аймағында
E. барлық жауаптар дұрыс

13. Мариан шұңғымасының түбіне алғаш жеткен Швейцариялық мұхиттанушы:
A. Васко да Гама
B. Э.Вейнер
C. Тур Хейердал
D. Карл Риттер
E. Жак Пикар

14. Аумақ (территория) неғұрлым анық көрінетін масштаб:
A. 1:100 000
B. 1:150 000
C. 1:300 000
D.1: 2 000 000
E. 1: 5 000 000

15. Батыс – Қазақстан климатының қалыптасуына қандай ауа массалары әсер етеді?
А. батыстан тасымалдануы, арктикалық ауа, тропикалық ауа және жергілікті циклотек
В. Каспий теңізі, азиялық антициклон, арктикалық ауа массалары
С. Тропикалық ауа массалары, муссондар, антарктикалық ауа массалары
D. қоңыржай белдеудің ауа массалары, тропикалық ауа
Е. Барлық жоғарыда аталғандар

16. Қазақстан қандай ендікте орналасқан?
А. батыс
В. шығыс
С. оңтүстік
D. солтүстік
Е. солтүстік - батыс

17. Қазақстанның қандай аймағы су ресурстарымен жақсы қамтылған?
А. оңтүстік-батыс
В. батыс
С. орталық
D. шығыс
Е. солтүстік-батыс

18. 0° ендік және 0° бойлық координаталарында
A. Тынық мұхиты орналасқан
B. Гвиней шығанағы орналасқан
C. Үнді мұхиты орналасқан
D. Антарктида орналасқан
E. географиялық полюстер орналасқан

19. Митчел тауы қандай тау жүйесінің ең биік нүктесі болып табылады?
A. Аппалач
B. Каскад таулары
C. Сьерра-Мадре
D. Сеңгір таулары
E. Кордильера

20. Күн жүйесіндегі Күннен кейінгі санақ бойынша сегізінші орындағы ғаламшарды табыңыз.
A. Сатурн
B. Уран
C. Плутон
D. Нептун
E. Шолпан

21. Механикалық құрамына байланысты 60% құм және 40% саздан тұратын топырақ:
A. балшықты
B. саздақ
C. құмдақ
D. құмды
E. глейлі

22. Тянь-Шань тау бөктеріндегі шөл зонасының және Балқаш көлінің жағалауындағы өсімдік жамылғыларын зерттеген орыс ғалымы:
A. В.В. Сапожников
B. Н.И. Андрусов
C. А.Н. Краснов
D. Л.С. Берг
E. И.В. Мушкетов

23. Қазақстан аумағындағы қандай бедер пішіні көне платформаға сәйкес?
A. Солтүстік-Қазақ жазығы
B. Сарыарқа
C. Тұран ойпаты
D. Шығыс-Европа жазығы
E. Бетпақдала

24. Қазақстан Республикасының сумен шектесетін шекарасы:
А. 3000 км
В. 12000 км
C. 5000 км
D.15000 км
E. 1000 км
25. Аралас және жалпақ жапырақты ормандардың топырағы:
A. Қызғылт-сары ферраллитті
B. Қызыл топырақ
C. Қоңыр топырақ
D. Қара топырақ
E. орманның сұр және қоңыр топырағы

26. Сорланған топырақта қарағайлар өсетін Қазақстанның қорығы:
A. Үстірт
B. Алматы
C. Марқакөл
D. Наурызым
E. Ақсу-Жабағалы

27. Оңтүстік Америка климатына көп ықпалын тигізеді:
A. Тынық мұхиты
B. Атлант мұхиты
C. Кариб теңізі
D. Солтүстік Мұзды мұхит
E. барлық мұхиттар бірдей әсер етеді

28. Тенерифе аралы қандай архипелаг құрамына жатады?
A. Азор
B. Мальдив
C. Жасыл Мүйіс аралдары
D. Фиджи
E. Канар

29. Бұл атаулардың қайсысы ғаламшардың ең биік нүктесі болып саналмайды.
A. Сагарматха
B. Джомолунгма
C. Демавенд
D. Божественная Мать Жизни
E.Эверест

30. Егер картаның сандық масштабы 1: 100 000 болса, онда 1 см нені білдіреді?
А. 1 км
В. 1 000 км
С. 100 000 км
D. 100 км
Е. 10 км

БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай

9 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1. Егер картаның сандық масштабы 1: 200 000 болса, онда 1см нені білдіреді?
А. 200 000 м
В. 2 000 км
С. 2 км
D. 200 км
Е. 20 км

2. Таңғы бриз қандай бағытта соғады?
А. құрлықтан теңізге
В. теңізден құрлыққа
С. қыста - теңізден құрлыққа
D. жазда - құрлықтан теңізге
Е. күзде - теңізден құрлыққа

3. Ұлыбританиямен Еуропаны бөліп жатқан бұғаз?
А. Гибралтар
В. Ла – Манш
С. Босфор
D. Малакка
Е. Скагеррак

4. Қандай географиялық атау аралдың атауы болып табылады?
А. Ориноко
В. Банги
С. Меконг
D. Поопо
Е. Чурун

5. Оңтүстік жарты шарда тайга зонасы кездеспейді, өйткені ...
A. барлық жерде өте ыстық климат
B. барлық жерде өте құрғақ климат
C. отсутствуют подзолистые почвы күлгін топырақтар кездеспейді
D. отсутствуют территории с подходящим климатом аймақта қолайлы климат кездеспейді
E. ормандар кездеспейді

6. 22 желтоқсанда төмендегі параллельдердің қайсысында поляр түні байқалады?
A. 50 градус с.е.
B. 80 градус о.е.
C. 50 градус о.е.
D. 80 градус с.е.
E. барлық паралельдерде

7. Төмендегі ұғымдардың ішінен атмосфера туралы дұрыс айтылғанын табыңыз:
A. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында, тропосфераға қарағанда қысым жоғары
B. Атмосфера құрамында азотқа қарағанда оттегі көбірек
C. Атмосфера қысымының айырмашылығының әсерінен жел пайда болады
D. Экваторлық ендіктерде жоғарғы атмосфера қысымы басым
E. Биік жерлерде температура әр 1000 м сайын 0,6°С төмендейді

8. Мына қалалардың қайсысынның сағаттық белдеуі тура Мельбурнде сияқты?
A. Пекин, Қытай
B. Коломбо, Шри-Ланка
C. Дакка, Бангладеш
D. Джакарта, Индонезия
E. Порт-Морсби, Папуа-Жаңа Гвинея

9. Қандай аралдар тобы дәлме - дәл “Қара аралдар” деп аталады?
А. Меланезия
В. Полинезия
С. Сейшель аралдары
D. Андаман аралдары
Е. Комор аралдары

10. Әлемдегі ең биік сарқырама қай мемлекеттің аумағында орналасқан?
А. Гайана
В. Бразилия
С. Венесуэла
D. Колумбия
Е. Пуэрто – Рико

11. Африканың ең биік нүктесі Килиманджароның биікті?
А. 5895 м
В. 4925 м
С. 6698 м
D. 7135 м
Е. 8345 м

12. Атакама жағалық шөлі қай мемлекеттің аумағында орналасқан?
А. Аргентина
В. Эквадор
С. Чили
D. Перу
Е. Уругвай

13. Қай кезде каледон мен герциннің пенепленге дейінгі бұзылуы болды?
А. протерозойда
В. палеозойда
С. мезозойда
D. кайнозойда
Е. архейде

14. Тұран жазығындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы ... құрайды?
А. 22 км
В. 12 км
С. 1 км
D. 4 км
Е. 8 км

15. Сарыарқаның батыс және шығыс бөлігінің жер бедері ненің нәтижесінде қалыптасқан?
А. каледон қатпарлығында
В. герцин қатпарлығында
С. қайта түзілу нәтижесінде
D. денудация үдерісі
Е. триас қатпарлығында

16. ҚР қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?
A. 3 және 4
B. 4 және 5
C. 5 және 6
D. 1 және 2
Е. 2 және 3

17. Қазақстан аумағы Италия аумағынан неше есе үлкен?
A. 11 есе
B. 4 есе
C. 6 есе
D. 5 есе
E. 9 есе

18. Каспий теңізінің деңгейі қай жылдан бастап көтеріле бастады?
A. 1977ж бастап
B. 1967 ж бастап
C. 1987 ж бастап
D. 1957 ж бастап
Е. 1997 ж бастап

19. Республикадағы маңызды техникалық дақылдар?
А. қант қызылшасы, күнбағыс
В. жеміс беретін, жүзім алқабы
С. күнбағыс, бақша
D. сұлы, жүгері
Е. мақта, қант қызылшасы

20. Фосфор тыңайтқыштарын өндіретін орталықтар?
А. Қарағанды, Өскемен
В. Ақтөбе, Арқалық
С. Атырау, Балқаш
D. Балқаш, Жезқазған
Е. Тараз, Алға

21. Қазақстандағы негізгі инвесторлар:
А. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Беларусь
В. АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия
С. Жапония, АҚШ, Үндістан, Қытай, Түркия
D. Швейцария, Италия, Ресей, Қытай
Е. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Әзірбайжан
22. Жамбыл облысында туу көрсеткіші - 28‰, өлім – жітім көрсеткіші - 9‰ болса, онда табиғи өсім қанша?
А. 37
В. 19
С. -19
D. 1,9
Е. 3

23. Қазақстанның қай облысында мұхиттан алыстықтың «әлемдік полюсі» орналасқан?
А. Қарағанды
В. Ақмола
С. Солтүстік Қазақстан
D. Жамбыл
Е. Алматы

24. Азия аумағының қанша бөлігі Қазақстан Республикасының аумағына кіреді?
А. 2,5%
В. 3,1%
С. 6,1%
D. 10,5%
Е. 14,0%

25. Ақын Леонид Скаловскийдің «Мұнда Кенді Алтайдың жүрегі соғып тұр» өлеңінде Қазақстанның қай қаласы туралы айтылады?
А. Семей
В. Зырян
С. Өскемен
D. Лениногорск
Е. Шемонаиха

26. Қазақстанның қандай пайдалы қазбаларын "таудың зығыры" деп атайды?
А. флюорит
В. гипс
С. асбест
D. таудың сутасы
Е. малахит

27. Бұл металл болаттан екі есе жеңілдеу, бірақ беріктігі бойынша болаттан қалыспайды. Ол қиын балқитындынтығымен, коррозияға қарсылықпен ерекшеленіп, әуе және зымыран жасауда қолданылады?
А. вольфрам
В. молибден
С. платина
D. магний
Е. титан

28. Басқару формасы парламенттік ел:
A. АҚШ
B. Италия
C. Ресесй
D. Аргентина
E. Франция

29. Қай жапон аралы микроэлектроникалық кәсіпорындардың жиі орналасуына байланысты «силиконды» деп атайды?
A. Хонсю
B. Хоккайдо
C. Сикоку
D. Кюсю
E. Рикоку

30. Бельгия, Франция және Германиямен шектесетін кішкентай
мемлекет?
А. Монако
В. Андорра
С. Люксембург
D. Лихтенштейн
Е. Сан-Марино

БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай

10 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: демаркация, самум, гамадалар, апвеллинг, изохрондар (әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай).

2 - Тапсырма.
а) Неліктен жыл мезгілдері ауысады? (дұрыс әрі толық жауапқа 3 ұпай).

б) Уран Күн айналасын бүйіріне жатып айналады (яғни, айналу эклиптиканың жазықтығына параллель). Уранда жыл мезгілдері ауысады ма? (дұрыс әрі толық жауапқа 2 ұпай).

в) «жас» өзенді «қарт» өзеннен қалай ажыратуға болады? (дұрыс жауапқа 2 ұпай).

г) Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазіргі кезге дейін Қазақстан қандай демографиялық дағдарыстар мен жарылыстардан өтті? Қай жылдары халық саны өсті/кеміді және олардың себептерін түсіндіріңіз. (дұрыс жауапқа 3 ұпай).


3. Тест тапсырмалары
(әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1.Адам даму индексі (АДИ) қандай белгілер бойынша өлшенеді?
A. өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі, табыс деңгейі
В. білім деңгейі, медициналық көмек көрсету деңгейі
С. табыс деңгейі, сәби өлімінің деңгейі
D. өмір сүру ұзақтығы, экономиканың даму деңгейі, табыс деңгейі
Е. медициналық көмек көрсету деңгейі, білім деңгейі, сәби өлімінің деңгейі

2. Қандай бағыт 135° азимутқа сәйкес?
A. Солтүстік-шығыс
B. оңтүстік- шығыс
C. оңтүстік - батыс
D. Солтүстік - батыс
E. дұрыс жауабы көрсетілмеген

3. Қандай тау жынысының «пайда болуы» тірі организмдерге байланысты?
A. Гипс
B. Тас көмір
C. Тас тұзы
D. Базальт
E. барлық жауаптар дұрыс

4. Қандай жанартау оңтүстікке қарай орналасқан?
A. Гекла
B. Везувий
C. Орисаба
D. Эребус
E. барлық жанартаулар бір бойлықта орналасқан
5. Дұрыс пікірді табыңыз.
A. Солтүстік Атлантиканың қоңыржай ендіктеріндегі судың температурасы, оңтүстік жарты шардағы осы ендікердегі температурасына (40–60⁰) салыстырғанда жоғары.
B. Тропиктік сулардың тұздылығы экваторлық суларға қарағанда жоары болып келеді.
C. Барлық суық ағыстардың температурасы 0°С шамасында болады.
D. Толысу мен қайтудың себебі мұхит табынындағы вулкандардың атқылауы.
E. барлық жауаптар дұрыс

6. «Отты шеңбер» шегінде орналасқан аралдарды табыңыз
A. Солтүстік Жер, Жаңа Жер, Гренландия, Исландия, Баффин Жері
B. Мадагаскар, Шри-Ланка, Суматра, Тасмания, Кергелен
C. Алеут, Куриль, Жапон, Филиппин, Жаңа Гвинея
D. Азор, Канар, Бермуд, Үлкен Антиль, Ньюфаундленд
E. барлық жауаптар дұрыс

7. Бір мұхит алабына жататын, өзендер көрсетілген нұсқаны табыңыз.
A. Амазонка, Миссисипи, Ніл, Ганг
B. Ніл, Конго, Лимпопо, Дунай
C. Волга, Енисей, Обь, Лена
D. Амур, Хуанхэ, Янцзы, Колорадо
E. дұрыс жауабы көрсетілмеген

8. Төменде көрсетілген тізімнен ауа – райының элементіне не жатпайды?
A. бұлттылық
B. орташа жылдық температура
C. ауа қысымы
D. желдің бағыты
E. желдің жылдамдығы

9. Қате ұғымды табыңыз.
A. Құнарлылық –топырақтың басты қасиеті
B. Қара топырақ – ең құнарлы топырақ
C. Қарашірік пен гумус – топырақтың минералды құрамбөлігі (органикалық емес)
D. Топырақ – тірі организмдердің тіршілік ортасы
E. дұрыс жауабы көрсетілмеген

10. Елтаңбасында оның шегінен тыс орналасқан, географиялық нысан бейнеленген ТМД елін табыңыз.
А. Армения
B. Әзірбайжан
C. Беларусь
D. Қазақстан
E. Қырғызстан

11. «Ақ алтын» деп аталатын ауыл шаруашылық өнімін табыңыз:
А. күріш
B. жібек
C. мақта
D. сүт
E. қымыз


12. Қазақстандағы қай облыс аумағында бойлығымен ендігі бірдей нүкте орналасқан.
А. Ақтөбе
В. Батыс-Қазақстан
С. Ақмола
D. Қарағанды
Е. Қостанай

13. Әлемдегі жалғыз«сұйық металлды» атаңыз. Ол табиғатта таза және минерал түрінде де кездеседі. Оны жиі киневарьдан алады.
А. галлий
В. темір
С. германий
D.осмий
E. сынап

14. Биологиялық айналымның бастапқы тобы:
А. тұтынушылар
B. ыдыратушылар
C. құрғақсүйгіштер
D. түзушілер
E. барлық жауаптар дұрыс

15. Африканың жер бедері туралы қате пікірді табыңыз.
A. 200 ден 1000м дейін биктіктегі жазықтар басым
B. Килиманджаро жанартауы – абсолютті биік нүктесі
C. Анд таулары сияқты материкте биік және созылып жатқан тау тізбегі жоқ
D. Ассаль көлі – ең аласа абсолютті биіктігі
E. материк шетінде көлемді жазықтар орналасқан

16. «Польдерлер» деген не?
A. Канадамен Аляскадағы тоңдық бедерінің түрі
B. Латын Америкасындағы халықты қоныстандыруды ұйымдастырудың түрі
C. Нидерландыдағы теңізден жаулап алынған жер
D. Скандинавии Скандинавиядағы діни қауымдастықтың атауы
E. Поляк биі

17. Христан дініне сенушілері басым болып келетін, Азиялық елді табыңыз
A. Филиппин
B. Иордания
C. Малайзия
D. Сингапур
E. Индонезия

18. Қай материкте сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мұзбасулар кездеспейді?
А. Америка
B. Аустралия
С. Африка
D. Еуразия
Е. Азия

19. Ең ірі масштабты көрсетіңіз?
A. 1:1000000
В. 1:2000000
С. 1:10000
D. 1:5004
E. 1:250

20. Мәскеу қаласынан солтүстікке қарай орналасқан теңіз:
А. Ақ
В. Қара
С. Азов
D. Каспий
Е. Жерорта

21. Жердің орталығынан экваторға дейінгі қашықтығына қарағанда, Жердің орталығынан полюстерге дейінгі қашықтығы шамамаен 21 км аз, ол немен түсіндіріледі:
A.Жердің ішкі құрылымының ерекшеліктірмен
B. гравитациялық үрдістермен
C. Жердің өз осімен айналуымен
D.Жердің орбита бойымен айналуы
E. барлық жауаптар дұрыс

22. Механикалық құрамына байланысты 60% құм және 40% саздан тұратын топырақ:
A. балшықты
B. саздақ
C. құмдақ
D. құмды
E. глейлі

23. Тенерифе аралы қандай архипелаг құрамына жатады?
A. Азор
B. Мальдив
C. Жасыл Мүйіс аралдары
D. Фиджи
E. Канар

24. 1:7500 000 масштабтағы картада ұзындығы 3 сантиметр кесіндінің ара қашықтығы жергілікті жерде нешеге тең?
A. 125 км
B. 225 км
C. 275 км
D. 350 км
E. 370 км

25. Қазақстан Каспий теңізі арқылы қандай елдерге шыға алады?
A. Армения, Әзірбайжан
B. Иран, Түркия
C. Әзірбайжан, Иран
D. Грузия, Армения
E. Иран, Грузия

26. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
A. Каледон қатпарлығы – Сарыарқаның солтүстік-батысы, Солтүстік Тянь-Шань
B. Байқал қатпарлығы – Орталық, Солтүстік, Батыс, Тянь-Шань
C. Герцин қатпарлығы - Сарыарқаның шығысы, Мұғалжар, Шығыс Еропа жазығы
D. Мезозой қатпарлығы - Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Мұғалжар
E. Альпі қатпарлығы - Тянь-Шань, Жоңғар Алатау, Манғыстау.

27. Алакөл көлінен Ебі Нұр көліне дейін Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Қытайда орналасқан жел
A. Шелек
B. Ебі
C. Сайқан
D. Арыстанды-Қарабас
E. Қордай

28. Салыстырмалы демографиялық көрсеткіщтер 1000 адамға шаққанда нені көрсетеді?
А. Промилле
В. Мың. адам
С. Млн. адам
D. Пайыз
Е. Адам/км2.

29. Қазақстан өнімінің (барлық экспорттың 60%) негізгі сатып алушылары:
A. Франция, Бельгия, Ресей, Украина
В. Польша, Германия, Чехия, Ресей
С. Ресей, Қытай, Үндістан
D. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан
Е. Швейцария, Италия, Ресей, Қытай

30. Бұл аймақ қант өндірісі бойынша республикалық өнімнің 100 %, сары майдың - 50 %, еттің - 30 % құрайды.
A. Оңтүстік
В. Солтүстік
С. Шығыс
D. Батыс
Е. Орталық

БАРЛЫҒЫ: 50 ұпай

11 сыныпқа арналған олимпиадалық тапсырмалар

1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: габбро, кальдера, изоколдар, сирокко, делимитация (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Барлығы 5 ұпай).


2 - Тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер (Барлығы - 15 ұпай)
1) Аталған жанартаулардың қайсысы сәйкесінше ең биік және ең төмен салыстырмалы биіктіктермен сипатталады:
1. Мауна-Лоа (абсолюттік биіктігі 4 170 м; бастауы 1 560 м тереңдікте),
2. Котопахи (абсолюттік биіктігі 5 897 м; бастауы 520 м биіктікте),
3. Этна, Еуропаның ең ірі жанартауы (абсолюттік биіктігі 3 340 м; бастауы 350 м
биіктікте),
4. Килиманджаро (абсолюттік биіктігі 5 895 м; бастауы 1 020 м биіктікте).
2) Мақалдарда географиялық қабықтың қандай заңдылығы жеткізілген: «судың
көтерілуі бар жерде қайтуы бар» (жапон), «түнде Күн Айдың орнына шықпайды» (әзірбайжан), «талтүсте шықты күт» (малай).
3) «7-14 жылда бір рет Оңтүстік Американың батыс жағалауына жылы ағыс келеді, ол испан тілінен аударғанда «Сәби» дегенді білдіреді, себебі ол Иса пайғамбардың туған күні, жаңа жыл қарсаңында пайда болады. Жағаға жақындай келе, ол суық Перу ағысын құрлықтан мұхитқа қарай ығыстырады. Бұл метеорологиялық жағдайды күрт өзгертіп қана қоймай, Тынық мұхитының экватор белдеуі бөлігіндегі барлық жануарлар әлемінің тіршілік ету жағдайын да өзгертеді екен. Жылы ағыстың әсерінен судың температурасы қалыптағыдан 5° артып +30° жетеді. Перуде жауын-шашындар өте сирек жауатын жерлерге жауады. Оңтүстікамерикалық жағалауда балық аулау мүмкіндігі бірден азайып, елдердің экономикасы айтарлықтай зардап шегеді». Осы құбылысты атаңыз.
4) «Оның денесі май басқан терілі күшіктікіндей, бұл оған онша байқалмайды...,
аяқтағы саусақтарының арасында – торсылдақтар, басында үйректің тұмсығы, құйрығы құндыздыкіндей... Ұрғашылары рептилиялар тәрізді жұмыртқалайды, бірақ жұмыртқадан жарып шыққан балаларын сүтпен асырайды». 19 ғасырда қай жануар туралы осылай жазылған? Жауапты атау септікте жазыңыз.
5) Қандай шартты сызықтарды Шаян мен Тауешкінің тропиктері деп атайды? Осы
ендіктерде жыл сайын болатын қандай құбылыстарды бақылауға болады? 6) Почему Антарктида – это единственный материк, у берегов которого не получила масштабного развития бризовая циркуляция атмосферы?
6) Неліктен Антарктида – бұл жағалауында атмосфераның бриздік айналымы ауқымды дамымаған материк?
7) Топографиялық карта аңызында көлденең сызықтар қиылысу биіктіктерінің бөлігі көрсетілмеген. 140 және 150 м белгілері бар да, олардың арасында 4 үзіліс жасалады. Жер бедерінің қиылысу биіктігі қандай?


Тест тапсырмалары
(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1. Географиялық ендік қай градуста өзгеретінін анықтаңыз:
A. 0° бастап 90° дейін
B. 0° бастап 180° дейін
C. 0° бастап 360° дейін
D. 90° және 270° аралығында
Е. 180° бастап 360° дейін

2. Халықаралық келісімге сәйкес Жердің беті шартты түрде меридиандармен 24 сағаттық белдеуге әрқайсысы ... бөлінді.
A. 22°
B. 45°
C. 30°
D. 15°
Е. 180°

3. Қай орыс саяхаттанушысы Сібір арқылы Тынық мұхитына өткен?
A. Семен Дежнев
B. Иван Москвитин
C. Афанасий Никитин
D. Ермак
E. С.Тянь-Шанский

4. Атлант мұхитының экватордағы ұзындығы
A. шамамен 1 мың км
B. 6 мың км артық
C. 10 мың км артық
D. шамамен 500 км
E. шамамен 200 км

5. Пайдалы қазбалары алуан әрі бай болып келетін Африканың тау жүйесін көрсетіңіз.
A. Ахаггар
B. Атлас
C. Эфиоп таулы өлкесі
D. Кап таулары
E. Айдахар таулары

6. Қазақстанның қалдық көлі:
A. Марқакөл
B. Балқаш
C. Ащыкөл
D. Зайсан
E. Қорғалжын

7. Тауда дамыған топырақтар:
A. Қоңыр
B. Тақырлар
C. Қызыл
D. Құмдар
E. Сұр топырақтар

8. Қазақтың ұсақшоқысынан өтетін табиғат зонасы
A. Тундра
B. Дала
C. Орман
D. Орманды дала
E. Тайга

9. Мемлекеттік шекара тәуелсіз мемлекеттердің шекараларын бөледі. Шекаралардың мынадай түрлері бар:
A. геометриялық, географиялық және орографиялық
B. аумақтық, еркін
C. шектелген
D. халықаралық және ішкі
E. құрлықтық және су

10. Ауылшаруашылық машина жасау өнеркәсібінің ірі орталығы:
А. Атырау
B. Қарағанды
C. Астана
D. Тараз
E. Шымкент

11. Энергетикалық және жерді суландыру мақсатында Қазақстанда келесі суқоймасы пайдаланылады:
А. Үлбі және Шүлбі
B. Көксарай және Бөген
C. Шардара, Қапшағай
D. Бұқтырма және Өскемен
E. Жоғарғы-Хайруздық

12. Мыс-молибден кен орны мына қалаға жақын ашылған:
А. Балқаш
B. Коунрад
C. Саяқ
D. Майқайың
E. Арқалық

13. Қазақстанның барлық тұрғындарының ішінен қартаю коэффициенті (Қк) пайызбен көрсетіледі. Қазақстанда қартаю коэффициенті 8%-ға тең. Қазақстанның халқы қандай санатқа жатқызылады?
А. балғын
В. жас
С. ересек
D. кәрі
Е. өте кәрі

14. АҚШ-та қала санатына халық саны ... адам елді-мекен жатқызылады:
A. 200
B. 500
C. 1000
D. 2000
E. 2500

15. Орталық жерлердің үлгісін алғаш рет сипаттаған кім?
A. Ф. Ауербах
B. Д. Ципф
C. В. Кристаллер
D. А. Вебер
E. И. Тюнен

16. Апартеид нені білдіреді?
A. терісінің түсі әртүрлі адамдардың бір-бірінен бөлек тұруы
B. өнімдер мен қызметтер импортының экспорттан асып түсуі
C. елдің ЖІӨ-де ауыл шаруашылығының үлесінің азаюы
D. жаңа жоғары технологиялық өндірістердің дамуы
E. тиімді экономикалық-географиялық жағдай

17. Халықаралық нарықтың үштік секторына қай сала кірмейді?
A. мұнай құбырларын қоса, химиялық
B. құрылыс
C. көлік
D. туризм, демалыс және туризм индустриясы
E. телекоммуникация және байланыс

18. Басқа мекемелердің салалық емес қызметтерін тарту қалай аталады?
A. диверсификация
B. франшиза
C. аутсортинг
D. кластерлеу
E. автаркия

19. Еуропада халықтың ең жоғарғы тығыздығы тіркелді:
A. Мальта
B. Люксембург
C. Сан-Марино
D. Ватикан
E. Монако

20. Мадьярлар халқы қандай заманауи халықпен ұқсастырылады?
A. түріктер
B. сербтер
C. венгрлер
D. болгарлар
E. хорваттар

21. Азия аумағы қазіргі уақытта геосаяси қатынаста ... аудандардан тұрады?
A. 3
B. 4
C. 5
D. 6
E. 7

22. Орталық-азиялық аймақтағы қай мемлекетте халықтың тілі түрік тобының алтайлық тіл отбасына жатпайды?
A. Өзбекстан
B. Қазақстан
C. Тәжікстан
D. Түрікменстан
E. Қырғызстан

23. Қай мемлекетке шошқаның дүниежүзілік 40% тиесілі?
A. АҚШ
B. Канада
C. Бразилия
D. Ресей
E. Қытай


24. Қай ел теміржол ұзындығы бойынша алғашқы бестікке кірмейді?
A. АҚШ
B. Канада
C. Қытай
D. Бразилия
E. Ресей

25. Филиппин астанасы Манила қай аралдарда орналасқан?
A. Минданао
B. Лусон
C. Себу
D. Сулу
E. Самар

26. Сингапурдың ресми тілі?
A. малай
B. мандарин
C. қытай
D. ағылшын
E. тамиль

27. Францияның ерекше әкімшілік-аумақтық бірлігі?
A. Гвиана
B. Гваделупа
C. Мартиника
D. Корсика
E. Реюньон

28. Португалия Еуропаның қай аймағына жатады?
A. Солтүстік Еуропа
B. Батыс Еуропа
C. Орталық Еуропа
D. Шығыс Еуропа
E. Оңтүстік Еуропа

29. 1990-шы жж. басында Югославия Социалиcтік Федеративті Республикасы құлады. Нәтижесінде келесі республикалардың тәуелсіздігі жарияланды:
A. Чехия мен Словакия
B. Венгрия, Австрия
C. Румыния, Болгария
D. Македония, Словения, Хорватия
E. Албания, Сербия, Босния

30. 2000 ж. кейін пайда болған егемен ел:
A. Эритрея
B. Сент-Китс және Невис
C. Гонконг (Сянган)
D. Макао (Аомынь)
E. Вануату

БАРЛЫҒЫ: 50 ҰПАЙ





Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру