Қолдан ұстап бермейміз шырылдатып, Бір күн қырып тұқымды бітірсе де. Бата қылғын, ей Албан, бұған деп, Алдымынан ғазауатқа шығам деп. Жаманатты қылмаймын болыстарды, Өзім жауап алдында қылам деп. Қол көтерді дұғаға қанша халық, Өзің медет бергейсің бір жаппар хақ. Әскер келсе қайқаңдар бір жан қалмай.....
Жаралып неше түрлі қылым кетті, Бөлініп өз табына ру кетті. Жуандар нашарларды нанша жаншып, Біреудің біреу алдап пұлын жепті. Түк кермеген қазақтан солдат сұрап, Ұлықтан әділетсіз зұлым жетті. Ары өткен шекарадан ағайынға Басына малдан озып шығын жетті. Қытайдың қол астына үрікпей қалған Тым онша біз сияқты бүлінбепті......
Қаражау Нарын бойында аты шыққан шешен, батыр, әрі қайырымды адам болған деседі. Оның шешендік сөздері халық арасына кең тараған. Дархан өмір! Баратқаның ба, ей, күдерімді үзіп көгілдір сағым күндерден, құр асаулардай құрық көргенде шаңдатып асар құм белден....
Сенің от құшағыңда дүниені ұмытып талқысыдым. Жүрегімді өртеді жан ыстығың. Мынау байтақ әлемде тек екеуміз жүргендейміз айналып ғарышты мың. Көзімді ашсам шырын сәт көзден ұшып кететіндей жанарды тарс жұмдым. Сен аймалап алқындың, одан сайын есімді шығардың да, мен балқыдым көміліп қылаң нұрға.....
Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн – елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін. «Аспаннан құлап қапты – анау жерде Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін. «Бас қосып сауысқанның мыңы бүгін, ел бопты, - десе, - содан ғылым ұғын», - міз бақпай мелшиемін, түбі солай боларын білгендей-ақ күнібұрын. Жасымнан ел таныдым, жыр таныдым, басылды неге бұлай күрт арыным?....
Бас қатырма баққа да, бұйымға да: тірліктегі жұмағың үйің ғана. Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым – келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала. Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте, бірін-бірі менсінбей – жатқан ерке. Бірлік жоқта байлық та берекесіз, бауырмалдық болмаса, бақ та келте. Атамыз да, деп жүрген жайда, мықты пәтуасыз бір шалға айналыпты.....
Жыр-жайлау жанымды арбаған, жете алмай, жолда қарманам. Исі-ай деп жусан, жалбыздың жүректегі армандарды үздім,- жырақтай береді алдағы ән… Қайсың бар ерер, ал, маған? Шатқалдарында жар-құздың, ақпан жалында қар, мұздың көлденең көзден қорғарсын. Қыдыр ата боп қолдарсың – жанымда жүрші, жалғызбын!....
Салғандай тыпырлатып жанды мұзға, шырылдап күн кешсем де қарлы құзда, жүргенде Сіз биікте, білесіз ғой, бармап ем «ағатайлап» алдыңызға. Өлеңнің сәттері көп жылар, күлер, мен үшін жайлы тірлік – мұнарлы бел. Өзіме пайда бермес әдетім бар – жуыспай, биліктіден жырақ жүрер. Хат жаздым бүгін Сізге – шыдамадым, шетінде тұрғандаймын құламаның.....
Адам болса сезім мен сенім іздер, келіңіздер, бері қарай еніңіздер. Менің байтақ әлемім – планетамды көріңіздер аралап, келіңіздер! Бөгет те жоқ, кілт те жоқ осы арада, (кіру қиын кей жерде шошалаға!) есік те жоқ, алдыңнан арпылдайтын есік баққан ит те жоқ босағада. Қабырға жоқ итерер кеудеңізден ....