Өлеңдер

[xcgiven_image][xcvalue_image][/xcgiven_image] [xcgiven_h2][xcvalue_h2][/xcgiven_h2] [xcnotgiven_h2] Өлеңдер бөліміне қош келдіңіз!!!
Авторлар тізімі: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ақұштап Бақтыгереева , Ақтан Керейұлы , Ақерке Асан , Ақтамберді жырау , Ақсұңқарұлы Серік , Асан Қайғы , Аслан Қаженов , Асқар Тоқмағамбетов , Асылзат Арыстанбек , Айбек Бестенқұлов , Анна Ахматова , Әбубәкір Кердері , Әбіш Кекілбайұлы, Әсет Ақдәулет , Бақыт Беделхан , Бағашар Тұрсынбайұлы , Бауыржан Әліқожа , Бауыржан Қарағызұлы , Базар Жырау Оңдасұлы , Бернияз Күлеев , Біржан сал Қожағұлұлы, Болат Кенішбаев , Бұқар жырау , Доспамбет Жырау , Жамбыл Жабаев , Жанар Айжанова , Жандарбек Бұлғақов , Жандарбек Жұман , Жанкелді Немеребай , Жиембет Жырау , Жұматай Жақыпбаев , Жұмағали Саин , Жұмекен Нәжімеденов , Жүсіпбек Аймауытов , Иса Байзақов , Исмағұлов Сабыржан , Исраил Сапарбай , Кенен Әзірбаев , Күләш Ахметова , Қанат Дауылбаев , Қалқаман Сарин , Қадыр Мырза Әли , Қайсар Қауымбек , Қалижан Бекхожин , Қасым Аманжолов , Құралай Омар , Есенғали Раушанов , Ербол Бейілхан , Ерболат Қарақойшиев , Ерлан Ахмет , Ерғалиев Хамит , Ерлан Сәдуақасұлы , Махамбет Өтемісұлы, Мағжан Жұмабаев , Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мақпал Мыса , Матай Сансызбайұлы , Мәделі Жүсіпқожаұлы , Мұрат Мөңкеұлы , Мұсабек Байзақұлы , Мүбәрәк Жаманбалинов , Мөңке би , Мәриям Хакімжанова , Медеу Демеу Медеуұлы , Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Шаханов, Назгүл Бердіқожа , Несіпбек Айтұлы , Нұржан Наушабайұлы , Нұрболат Жолдасбек , Омар Шораяқұлы , Олжас Сүлейменов, Олжас Отар, Оралхан Бөкей, Оразақын Асқар, Ринат Зайытов, Сағыныш Намазшамова , Сергей Есенин , Сүйінбай Аронұлы, Саят Әбенов , Сәбит Дөнентаев , Сұлтанмахмұт Торайғыров , Танакөз Толқынқызы, Тәтіқара ақын , Темірхан Медетбек , Тоқтарәлі Таңжарық , Төлеген Айбергенов, Тұрмағамбет Ізтілеуов , Тұрмағанбет Кенжебаев , Тұманбай Молдағалиев , Тыныштықбек Әбдікәкімұлы , Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы , Шалкиіз жырау Тіленшіұлы , Шәді Жәңгірұлы , Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шәмші Қалдаяқов , Шерхан Талап , Шернияз Жарылғасұлы , Шортанбай Қанайұлы , Шөже Қаржаубайұлы , Фариза Оңғарсынова, Ыбырай Алтынсарин, Ықылас Ожай , Ілияс Жансүгіров[/xcnotgiven_h2]

Ақ ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда,
Өткір қылыш, жүйрік ат жанға пайда.
Ат сабылтып алыстан келгенімде,
Қарсы алатын құрметтеп сәулем қайда.

Ақ ерке, аман бол сен,
Шыбыным, шыбыным,
Ойналық кел,
Шашбаулым, шашбаулым.....
Өлеңдер
Толық

Ақ дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.....
Өлеңдер
Толық

Ақ бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,
Бір топ тана су ішер ұрттап қана.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,
Төсегіңде, бір топ бала.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.....
Өлеңдер
Толық

Ақ алма (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аулым көшіп барады, тау аралап,
Кеттің ғой жүрегімді сен жаралап.
Жерің шалғай кеткенде, қимас қалқам,
Жүрейін суретіңді мен паналап.

Ақ алма, мен кеткенде сен алма.
Алма мойын ақсұңқар,
Біз құбыңа қол жалға.....
Өлеңдер
Толық

Ақ айша (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын, қарағым, асыл айым,
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Бала қаздай жем беріп асырайын.

Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.....
Өлеңдер
Толық

Ақ айдар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар еді арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаз туса-дағы
Теңгермеймін ізіне басып кеткен.

Ей, Ақ айдар!
Сұлулардың көзі ойнар.
Көкем-ай, көкем-ай!....
Өлеңдер
Толық

Айым-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ағынан да алманың көгі жақсы,
Барынан да жаманның жоғы жақсы.

Бірің шекер, бірің бал-ай,
Бірің қайың, бірің тал-ай.
Қайсы бірін айтайын,
Өңшең ғана ақсұңқар-ай.

Бір жұлдыз бар әуеде айдан қалған,
Қайқы мүйіз ақ серке қойдан қалған.....
Өлеңдер
Толық

Айша бибі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыран бүркіт ұшады қыр айналып,
Түлкі көрсе кетпейді шыр айналып.
Әлу-әй.
Ат секілді жамандық арқандаулы,
Таппай қоймас қазығын бір айналып.
Әлу-әй.

Айша-Бибі елім-ай,
Әулиеата жерім-ай.
Қыдыр келіп, бақ қонсын
Балаларға дедім-ай.....
Өлеңдер
Толық

Ағажай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ шыңы Ай сүйген асқар Алтай,
Арайлы күн алтын нұр шашқан, Алтай!

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!

Анам болып әлдилеп, күндіз-түні,
Бесігімдей тербеттің, жастан, Алтай.

Ағажай,
Алтайдай жер қайда-ай?!....
Өлеңдер
Толық