Қазақ едім, надан едім, тар едім, Тендікке де, бостандыққа зар едім. Компартия қанат бердің, әл бердің, Тек кеуде де шыбыны бар жан едім. Қырық жылымда талай астым қырқадан, Өмір кештім көк дауылдай бұрқаған, Күрестер мен жеңістерден өткіздің Естіді әлем дауысымды ән шырқаған. Завод қаптап, колхоз, совхоз гүлденді, Қырық жыл бойы қазақ елі түрленді, Даңқы кетті көтеріліп аспанға Тап-тамаша бүкіл дүние білді енді.....
Зар болып кең дүниемен тілдесуге, Отырды ол соңғы түнек түрмесінде. Біледі көп ұзамай үні өшерін, Біледі табылмасын мүрдесі де. Қу сүйек уыз тәні боршаланған, Әлі жоқ қимылдауға шаршағаннан. Дейді ол — тәнім тұтқын болғанымен, Дұспан жоқ рухымды қоршап алған. «Ұлы Отан, арқа тұттым ұраныңды, Қолтықта арпалысқан ұланыңды! Самалын туған жердің құй қаныма. Тосайын ән-күйіңе құлағымды». Сүйгендей оң көзінен ғашық жаны, Шалқыды шабыттанған ақын жаны.....