Жұбан Молдағалиев (Мен қазақпын [VIII-X])
IX
Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Мен Ленин есімін айта келдім.
Айтып келем, айтамын, жар саламын,
Жаршысы қып даланың барша адамын.
Мен күлемін, жырлаймын, қызумын мен,
Жер - жаһанның ішкендей бал шарабын.
Көлеңкесі көлбеген көк төрінде
Алатаудың көк бұйра бөктерінде
Ойнап берді оркестр күймен қырып,
Көктемеде әуезі көкке өріле.
«Қазақ елі - мереке» күйдің аты.
Аясындай аспанның күй қанаты,
Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен
Табиғаттың құз атап құйған заты.
Жалғыз тұрса тау емес, бір ұршық тас.
Жалғыз қаздың, деген бар, үні шықпас.
Қырық рудай сан жылдар тозғындаған
Домбыраның өзіммен күні ұшықтас.
Сардаланың шөлдеткен сырдаң жазы,
Жапа - жалғыз сол көптен тұрған қазды.
Алып келген өлтірмей - асқан өнер,
Найзагер күй сиқыры Құрманғазы.
Мылқаулықты домбыра жерлейді енді.
Көкжиекті күмбірі кернейді енді.
Контрабас, прима, қобыз, керней,
Ду көтеріп қосыла сермейді енді.
Өз атымдай мәшһүр болған аты,
Домбыра да осындай қол - қанаты.
О да шықты әлемнің сахнасына,
Жалт қаратты, телміртіп мол қаратты.
Тыңдайды ұйып арбаған оркестрді
Маңқиған тау шөгерген нар кескінді.
Әр дыбысы даланы думандатып,
Әр шертуі бауырына тарта естілді.
Дәл ұқпаңдар сөзімді «дала» деген,
Өзгерді ұғым көп ғасыр ала келген.
Қандай дала, лық толы дастарқаны,
Қала оттары самсаса ала белден?
Қандай дала Кентауы, Теміртауы,
Алтын тауы, жез тауы, көмір тауы?
Қандай дала жас орман, жасыл жайлау
Тұрған күліп төсінде өмір таңы?
Қандай дала жолаушы шөлдемесе,
Сайтанданған сағымды «көл» демесе,
Ай жүргенде жолықпай жалғыз пана,
Бір сапары жүз рет «өл» демесе?
Қалай сондай дей алам Сарыарқаны,
Сал Біржандай тірілген әні арқалы.
Көкжиекке соғылған алтын теңіз
Алтын мұртты бидай ғой әр алқабы.
Жапырылған толқындай, қопарылған,
Жалы қандай жайқалған шоқы - адырдан!
Шал күйеуден құтылған арудай түз! -
Топас кетпен, азусыз шот арылған.
Жыр толғанып соны ойлап, «дала» десем.
Түседі еске ұйқастай дана көсем.
Дана - дала, сондай - ақ дала - дана,
Бір ұғымға қалайша баламас ем.
Мың жылда да оны «өлді» демес едім.
Күнде өзімен тілдесіп, кеңесемін.
Сол таныды өлкемнің келешегін,
Соған дәйім беремін ел есебін.
Жолдас Ленин, тағы не жарлығың бар? -
Мал, жан, білім, жер, бақыт - барлығы бар.
Бұратана емеспін, Отаным бар,
Соның менде күші бар, нарлығы бар.
Талай заман жаныштап жабырқатқан,
Тәубаға кеп, тартқандай тәңір қартаң,
Мен күш алып, аспандап тұрмын бүгін,
Таңырқаман, бірақ мен таңырқатам.
Айсыз түнде қыз торып, мал қорыған
Қандай сырлы «Ал қоңыр» - бал қоңыр ән!
Әнмен бірге кемелер кетіп жатыр
Старт алып космосқа Байқоңырдан.
Байқоңыр бұл - екі сөз: бай да қоңыр,
Бай да қоңыр қанатты байтақ өңір.
Адамзаттың алдында жатқалы тұр
Сол баспалдақ арқылы Айдағы өмір.
Биіктіктің даламмен бірге есігі,
Өз атымдай естілген елге есімі.
Орыс ұлы Гагарин - менің де ұлым,
Менің жерім оның да бір бесігі.
Осында да тербелді, сусындады
Эйнштейн, Кюридің қисындары.
Сол бесікте жасарды Циолковский,
Содан таппақ шын ғылым сый - сындарды.
Сонда туды қазақтың дер көктемі,
Қара көзі көкке өтті, жерге өтті енді.
Сол бесікте бір мәз қып, бір қайғыртып,
Қанышым да екі рет жөргектелді...
Ол бесігі - ана мен әкенің де,
Жаралған тек тіршілік әкелуге.
Сол бесікте бір түгіл екі туды
Қызыл сұңқар, ақ жүрек Сәкенім де...
Дәуірледің, о дала, ойқой дала,
Дандайсыма сен бірақ, айқайлама.
Жай үнің де гимндей саңқылдаған
Жетіп жатыр даңқыңдай қай - қайда да.
...Дәріптейді оркестр дана атын,
Өмір берген, дән берген далаға тың.
Алатауды ұялап шыққан күндей
Аспандайды қалықтап ғаламат үн.
Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай,
Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай.
Самал өпкен егіннің сыбдырындай,
Шабыттанған ақынның тың жырындай.
Ол миллион жүректің дүрсіліндей,
Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.
Ол үн жаңа ерліктің дабылындай,
Құлдырайды, самғайды бір сүрінбей.
Кейде оркестр кербездеп шертеді де,
Дүние толып кетеді ертегіге.
Ертегіші - алдияр баба дала,
Ақындардың ақыны жер, тегінде.
Жерді көр де мені көр, сыншыл қауым.
Іші күйсін күңіренген күншіл жаудың.
Кемпірқосақ бояуын кім таниды,
Байлап алса көзіне кір шұлғауын.
Урквардтар солайша қарағанда,
Қандай болып көрінер Қарағанды?
Ақ деп, бәлки, көмірін қаралай ма?
Соған да ұқсас сандырақ тараған - ды.
Енді ондайлар бойыма аласа тым.
Күндері өтті түс көріп, бал ашатын.
Қай елі бар олардың қайта туған,
Қазақстан даңқымен таласатын?
Бола қалса, күңкілдеп күндемес ем,
Көріп тұрып күндізді түн демес ем.
Мен өзгемін, мен Ленин жерлесімін,
Күнсізге күн, үнсізге үн боп өсем.
Оркестр де сайрайды сол туралы,
Жетіп барған космосқа жол туралы.
Шарлайды күй ауылды, жайлауларды,
Мақтанышқа жүректі толтырғалы.
Жалғыз қалсаң жасисың, әл кетеді.
Жақсы жолдас сүйейді, әлді етеді.
Орыс, өзбек, украин, қырғыз, татар,
Қосылады, көтеріп әндетеді.
«Қазақ елі - мереке» күйдің аты.
Аясындай аспанның күй қанаты.
Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен
Табиғаттың тау атап құйған заты.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Мен Ленин есімін айта келдім.
Айтып келем, айтамын, жар саламын,
Жаршысы қып даланың барша адамын.
Мен күлемін, жырлаймын, қызумын мен,
Жер - жаһанның ішкендей бал шарабын.
Көлеңкесі көлбеген көк төрінде
Алатаудың көк бұйра бөктерінде
Ойнап берді оркестр күймен қырып,
Көктемеде әуезі көкке өріле.
«Қазақ елі - мереке» күйдің аты.
Аясындай аспанның күй қанаты,
Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен
Табиғаттың құз атап құйған заты.
Жалғыз тұрса тау емес, бір ұршық тас.
Жалғыз қаздың, деген бар, үні шықпас.
Қырық рудай сан жылдар тозғындаған
Домбыраның өзіммен күні ұшықтас.
Сардаланың шөлдеткен сырдаң жазы,
Жапа - жалғыз сол көптен тұрған қазды.
Алып келген өлтірмей - асқан өнер,
Найзагер күй сиқыры Құрманғазы.
Мылқаулықты домбыра жерлейді енді.
Көкжиекті күмбірі кернейді енді.
Контрабас, прима, қобыз, керней,
Ду көтеріп қосыла сермейді енді.
Өз атымдай мәшһүр болған аты,
Домбыра да осындай қол - қанаты.
О да шықты әлемнің сахнасына,
Жалт қаратты, телміртіп мол қаратты.
Тыңдайды ұйып арбаған оркестрді
Маңқиған тау шөгерген нар кескінді.
Әр дыбысы даланы думандатып,
Әр шертуі бауырына тарта естілді.
Дәл ұқпаңдар сөзімді «дала» деген,
Өзгерді ұғым көп ғасыр ала келген.
Қандай дала, лық толы дастарқаны,
Қала оттары самсаса ала белден?
Қандай дала Кентауы, Теміртауы,
Алтын тауы, жез тауы, көмір тауы?
Қандай дала жас орман, жасыл жайлау
Тұрған күліп төсінде өмір таңы?
Қандай дала жолаушы шөлдемесе,
Сайтанданған сағымды «көл» демесе,
Ай жүргенде жолықпай жалғыз пана,
Бір сапары жүз рет «өл» демесе?
Қалай сондай дей алам Сарыарқаны,
Сал Біржандай тірілген әні арқалы.
Көкжиекке соғылған алтын теңіз
Алтын мұртты бидай ғой әр алқабы.
Жапырылған толқындай, қопарылған,
Жалы қандай жайқалған шоқы - адырдан!
Шал күйеуден құтылған арудай түз! -
Топас кетпен, азусыз шот арылған.
Жыр толғанып соны ойлап, «дала» десем.
Түседі еске ұйқастай дана көсем.
Дана - дала, сондай - ақ дала - дана,
Бір ұғымға қалайша баламас ем.
Мың жылда да оны «өлді» демес едім.
Күнде өзімен тілдесіп, кеңесемін.
Сол таныды өлкемнің келешегін,
Соған дәйім беремін ел есебін.
Жолдас Ленин, тағы не жарлығың бар? -
Мал, жан, білім, жер, бақыт - барлығы бар.
Бұратана емеспін, Отаным бар,
Соның менде күші бар, нарлығы бар.
Талай заман жаныштап жабырқатқан,
Тәубаға кеп, тартқандай тәңір қартаң,
Мен күш алып, аспандап тұрмын бүгін,
Таңырқаман, бірақ мен таңырқатам.
Айсыз түнде қыз торып, мал қорыған
Қандай сырлы «Ал қоңыр» - бал қоңыр ән!
Әнмен бірге кемелер кетіп жатыр
Старт алып космосқа Байқоңырдан.
Байқоңыр бұл - екі сөз: бай да қоңыр,
Бай да қоңыр қанатты байтақ өңір.
Адамзаттың алдында жатқалы тұр
Сол баспалдақ арқылы Айдағы өмір.
Биіктіктің даламмен бірге есігі,
Өз атымдай естілген елге есімі.
Орыс ұлы Гагарин - менің де ұлым,
Менің жерім оның да бір бесігі.
Осында да тербелді, сусындады
Эйнштейн, Кюридің қисындары.
Сол бесікте жасарды Циолковский,
Содан таппақ шын ғылым сый - сындарды.
Сонда туды қазақтың дер көктемі,
Қара көзі көкке өтті, жерге өтті енді.
Сол бесікте бір мәз қып, бір қайғыртып,
Қанышым да екі рет жөргектелді...
Ол бесігі - ана мен әкенің де,
Жаралған тек тіршілік әкелуге.
Сол бесікте бір түгіл екі туды
Қызыл сұңқар, ақ жүрек Сәкенім де...
Дәуірледің, о дала, ойқой дала,
Дандайсыма сен бірақ, айқайлама.
Жай үнің де гимндей саңқылдаған
Жетіп жатыр даңқыңдай қай - қайда да.
...Дәріптейді оркестр дана атын,
Өмір берген, дән берген далаға тың.
Алатауды ұялап шыққан күндей
Аспандайды қалықтап ғаламат үн.
Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай,
Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай.
Самал өпкен егіннің сыбдырындай,
Шабыттанған ақынның тың жырындай.
Ол миллион жүректің дүрсіліндей,
Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.
Ол үн жаңа ерліктің дабылындай,
Құлдырайды, самғайды бір сүрінбей.
Кейде оркестр кербездеп шертеді де,
Дүние толып кетеді ертегіге.
Ертегіші - алдияр баба дала,
Ақындардың ақыны жер, тегінде.
Жерді көр де мені көр, сыншыл қауым.
Іші күйсін күңіренген күншіл жаудың.
Кемпірқосақ бояуын кім таниды,
Байлап алса көзіне кір шұлғауын.
Урквардтар солайша қарағанда,
Қандай болып көрінер Қарағанды?
Ақ деп, бәлки, көмірін қаралай ма?
Соған да ұқсас сандырақ тараған - ды.
Енді ондайлар бойыма аласа тым.
Күндері өтті түс көріп, бал ашатын.
Қай елі бар олардың қайта туған,
Қазақстан даңқымен таласатын?
Бола қалса, күңкілдеп күндемес ем,
Көріп тұрып күндізді түн демес ем.
Мен өзгемін, мен Ленин жерлесімін,
Күнсізге күн, үнсізге үн боп өсем.
Оркестр де сайрайды сол туралы,
Жетіп барған космосқа жол туралы.
Шарлайды күй ауылды, жайлауларды,
Мақтанышқа жүректі толтырғалы.
Жалғыз қалсаң жасисың, әл кетеді.
Жақсы жолдас сүйейді, әлді етеді.
Орыс, өзбек, украин, қырғыз, татар,
Қосылады, көтеріп әндетеді.
«Қазақ елі - мереке» күйдің аты.
Аясындай аспанның күй қанаты.
Дірілдейді жас қыздай жігіт күткен
Табиғаттың тау атап құйған заты.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Мен қазақпын мың өліп мың тірілген, жұбан молдағалиев өлең Мен қазақпын жубан молдагалиев я казах стихи на казахском, жұбан молдағалиев өлеңдері, жұбан молдағалиев өлеңдер жинағы, жубан молдагалиев, жұбан молдагалиев олендеры казакша