Қасым Аманжолов (Өлең туралы)
Отырам кейде құрысып,
Бойымда бір жүк жатқандай.
Өтеді уақытым жылысып,
Өз міндетін атқармай...
Кетемін кенет сілкініп,
Іздегенім тапқандай.
Манадан бері іркіліп,
Селім бір енді аққандай.
Келеді өлең еселеп,
Үлгіре жазып жатамын.
Бір әндетіп, бір сөйлеп,
Мол рақатқа батамын.
Құрысқан бойым жазылып,
Лапылдап отым жанады.
Отырғандаймын мәз қылып,
Ойнатып сәби баланы.
Өлеңім - менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді.
Үстіне түсе төнемін,
Үйретіп оған не тілді.
Дүние қандай тамаша!
Реніш-қайғы маған жат.
Құлпырып, мәз боп балаша,
Айналам толған махаббат.
Бойымда бір жүк жатқандай.
Өтеді уақытым жылысып,
Өз міндетін атқармай...
Кетемін кенет сілкініп,
Іздегенім тапқандай.
Манадан бері іркіліп,
Селім бір енді аққандай.
Келеді өлең еселеп,
Үлгіре жазып жатамын.
Бір әндетіп, бір сөйлеп,
Мол рақатқа батамын.
Құрысқан бойым жазылып,
Лапылдап отым жанады.
Отырғандаймын мәз қылып,
Ойнатып сәби баланы.
Өлеңім - менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді.
Үстіне түсе төнемін,
Үйретіп оған не тілді.
Дүние қандай тамаша!
Реніш-қайғы маған жат.
Құлпырып, мәз боп балаша,
Айналам толған махаббат.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қасым аманжолов Өлең туралы өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, Өлең туралы, олен туралы