Бернияз Күлеев (Мен саған жат қыр баласы)

Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.
Ыңды - зыңды үлкен қала,
Маған теріс, маған жат,
Алдарқатқан жалғыз ғана
Жас періште көңілі шат.
Тек сол ғана жұбанышым,
Соған бола күн өтті.
Ойды билеп алды күшім,
Отсыз өртеп жүректі.
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.
Ыңды - зыңды үлкен қала,
Маған теріс, маған жат,
Алдарқатқан жалғыз ғана
Жас періште көңілі шат.
Тек сол ғана жұбанышым,
Соған бола күн өтті.
Ойды билеп алды күшім,
Отсыз өртеп жүректі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бернияз күлеев Мен саған жат қыр баласы өлең стихи на казахском бернияз кулеев казакша олен, бернияз күлеев өлеңдері, стихи на казахском языке бернияз кулеев, бернияз кулеев олендери, Мен саған жат қыр баласы