Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар)

 Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар)

Дабылымды есітіп,
«Құмар» дейді көрмекке
Сонау жатқан төменгі -
Астраханның бойында,
Он екі ата - Байұлы.
Әлім менен Шөменнің
Мен едім даңқты шайыры!
Екі енені тел емген
Күпшек санды күреңмін,
Төсімнен тарса, жетпейтін -
Жуандықтан айылы.
Өзімдей - ақ ұл туар,
Бір адамның зайыбы.
Жырау боп атқа мінгелі
Әлім, Шөмен баласы-
Әңгімеме байыды.
Аузымнан шықан сөзіме
Дін мұсылман қайыды.
Халқына басы қадірлі -
Қайбір жерде жігіттің
Көрінсе көзге зайыры.
Қолы сақи пендеге -
Өлгенде тиер қайыры.
Қабыл алмай, алдымнан
Қазақ халқы кеткен жоқ -
Сөзімнің келсе қайымы.
Осы отырған әлеумет!
Көңліңді жырмен ауласам,
Болады қанша айыбы?!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру