Базар Жырау Оңдасұлы (Жамиығы қазақ бір туған)
Атамыз алыс болғанмен,
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Әуеде ұшқан көк шулан,
Әуезі төмен аққудан.
Жақсының сөзі жылайды,
Тілі тәтті бал судан.
Жаманның сөзі ащы дүр,
Адам ішпес зәру - дан.
Шойынменен тең болмас,
Тұтқасы күміс жем құмған.
Басында іспет бермесе,
Ағармас күнде бет жуған.
«Шүу!» дегенде озбай ма,
Асыл туған наз бедеу
Қаптай шашқан көп дудан?!
Алысқа шапсам, арымнан,
Тұлпардан туған мен будан!
Жамиғы қазақ бір туған.
Бір пәлеге жолығар,
Есебін таппай сөз қуған.
Әуеде ұшқан көк шулан,
Әуезі төмен аққудан.
Жақсының сөзі жылайды,
Тілі тәтті бал судан.
Жаманның сөзі ащы дүр,
Адам ішпес зәру - дан.
Шойынменен тең болмас,
Тұтқасы күміс жем құмған.
Басында іспет бермесе,
Ағармас күнде бет жуған.
«Шүу!» дегенде озбай ма,
Асыл туған наз бедеу
Қаптай шашқан көп дудан?!
Алысқа шапсам, арымнан,
Тұлпардан туған мен будан!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: базар жырау оңдасұлы Жамиығы қазақ бір туған өлең стихи на казахском базар жырау казакша олен, базар жырау оңдасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке базар жырау, базар жырау олендери, Жамиығы қазақ бір туған