file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ағаларым ардақты

 Ағаларым ардақты

Ағаларым ардақты
мінездері салмақты,
өздеріңдей жан барма
руы мықты қалпақты

Секен ағам алтыным
тісін жұлған әр кімнің,
аруағыңнан айналдым
алтынайдай менің асылым.

Бекен ағам асқардай
әке орнын басқандай.
өмір бойы шопыр болып
бармаған жері қалғандай.

Мырзатай деген ол ағам
жанашыр болдың сен маған,
ауылға келіп шөп шауып
қолдау бердің әрқашан.

Ертай деген ағашым
тауда ара бағатын,
араны қойып әр кезде
мал дәрігері болатын.

Ержан ағам үнемі
мұрытынан күледі,
коктиларын киіп алып
тоқ үстінде жүреді.

Асыл менің ағаларым
оңды болсын баталарың,
ғұмырларың ұзақ болып
жеңгелермен қартай бәрің!!!

Ерік Еренғазыұлы
09.09.2018.ж.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру