Фариза Оңғарсынова (Шыдам)
Бұл адамдар шыдап жүр қалай маған?
Сырбаздықты әдетте қалайды адам.
Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан
зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Өткіншінің бәріне қарсы жаным,
сезе қалсам, сарқылып бар шыдамым,
адамсыған ақылгөй орталардың
есіктерін сыртынан тарс ұрамын.
Содан мүмкін болмай жүр жолым менің;
содан мүмкін жарқылдап көрінбедім.
Жалғандықпен жарасым таппағанда,
жатады ылғи бұлт құшып көгімде Күн
Жалтақтармен, әйтеуір, көп егесім,
көп егестің білемін жебемесін.
Төзіп бағам, бәрібір шыншылдығым
талқандайды шыдамның керегесін.
Өмірге аяқ басқалы мұны білгем,
епсектілер жемімді бұрын ілген.
Ақыл енбей сонда да, арпалысып,
келем әлі сойылға жығылумен.
Шындық іздеп шыққанмен айбарланып,
ақымақтай көрінер жайды аңдадық...
Маған төзген жандардың шыдамына
отырамын кейде өзім қайран қалып.
Сырбаздықты әдетте қалайды адам.
Шындықты айтар шыдамсыз болмысымнан
зардап шегіп жүргендей бар айналам.
Өткіншінің бәріне қарсы жаным,
сезе қалсам, сарқылып бар шыдамым,
адамсыған ақылгөй орталардың
есіктерін сыртынан тарс ұрамын.
Содан мүмкін болмай жүр жолым менің;
содан мүмкін жарқылдап көрінбедім.
Жалғандықпен жарасым таппағанда,
жатады ылғи бұлт құшып көгімде Күн
Жалтақтармен, әйтеуір, көп егесім,
көп егестің білемін жебемесін.
Төзіп бағам, бәрібір шыншылдығым
талқандайды шыдамның керегесін.
Өмірге аяқ басқалы мұны білгем,
епсектілер жемімді бұрын ілген.
Ақыл енбей сонда да, арпалысып,
келем әлі сойылға жығылумен.
Шындық іздеп шыққанмен айбарланып,
ақымақтай көрінер жайды аңдадық...
Маған төзген жандардың шыдамына
отырамын кейде өзім қайран қалып.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Шыдам өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Шыдам