Фариза Оңғарсынова (Сен мені түсінсеңші)
Сен мені түсінсеңші.
Түсінер деп жыр-маржан төгіледі
(төгілсе жыр, сол ғана көңіл емі).
Қошқар мүйіз әжемнің теруіндей
сөз тізбегі кеудемде өріледі.
Өзің жоқсың жанымда.
Теңіз-көңіл қалайша толқымасын
(есің шығып сүймесең, ол күнә, шын).
Мәңгі кетер өзіммен мұң-қайғымды
сен де түсінбеген боп, тор құрасың.
Елестетші: жалғыз жан... жым-жырт бөлме...
Шыдам таппай, он кіріп, он шығасың.
Айыпты өзің. Осылай құлазытып,
сонсын қайта көңілді толтырасың.
Менің көңіл-көгімнің жайлауысың,
сұраса жұрт, тек саған жол сұрасын.
Басқа ештеңе білмеймін. Есалаңмын
(Азабы ғой бұл маған Жасағанның).
Өзің айтшы, айтшы өзің, сыбырлашы,
өрт сезімді қалай мен баса алармын?
Жеткізсінші жырларым саған, жаным,
сен екенін тек жалғыз алаңдарым.
Мені еш нәрсе өмірде таң қылмайды:
даңқ, мансап, кей "мықты" адамдарың.
Білесің ғой, өзіңсіз мұңды жаным.
Үнім шықпай, мен іштей шыңғырамын:
"Түсінсеңші сен мені бар қалпыммен,
сарқылмашы мәңгілік, мың бұлағым!"
Саған деген сезімім теңіз сынды:
еш адамға көрінбес төңірегі,
толқындарға батады, көміледі.
Сен осылай құртасың, қуантасың,
тек моншақтар жыр болып өріледі.
Көңілімнен кетіп көп арман,
көзімде тұнып мұңдарым,
сәулелер быт-шыт жоғалған,
құштырып маған құндағын.
Қызғалдақ гүлдер дөң басқан
қызығы тоқтап қалғандай.
Түссе де кенет Жерге Аспан,
қарайтындаймын таңданбай.
Сезім - тұл Күш жоқ кернеген,
өртенуге де аз шамам.
Ғашық боп жүргендерге мен
немкетті жүзбен көз салам.
Кездестің менде жан қалғып,
жүргенде бұлттан Күн шықпай,
бей-жайлығымды талқан ғып,
шыр айналдырдың ұршықтай.
Өртеді-ау мені тәтті ернің,
жолықтың, жаным, кеш нағып...
Күрсіндім осы сәттердің
өткіншілігін еске алып.
Түсінер деп жыр-маржан төгіледі
(төгілсе жыр, сол ғана көңіл емі).
Қошқар мүйіз әжемнің теруіндей
сөз тізбегі кеудемде өріледі.
Өзің жоқсың жанымда.
Теңіз-көңіл қалайша толқымасын
(есің шығып сүймесең, ол күнә, шын).
Мәңгі кетер өзіммен мұң-қайғымды
сен де түсінбеген боп, тор құрасың.
Елестетші: жалғыз жан... жым-жырт бөлме...
Шыдам таппай, он кіріп, он шығасың.
Айыпты өзің. Осылай құлазытып,
сонсын қайта көңілді толтырасың.
Менің көңіл-көгімнің жайлауысың,
сұраса жұрт, тек саған жол сұрасын.
Басқа ештеңе білмеймін. Есалаңмын
(Азабы ғой бұл маған Жасағанның).
Өзің айтшы, айтшы өзің, сыбырлашы,
өрт сезімді қалай мен баса алармын?
Жеткізсінші жырларым саған, жаным,
сен екенін тек жалғыз алаңдарым.
Мені еш нәрсе өмірде таң қылмайды:
даңқ, мансап, кей "мықты" адамдарың.
Білесің ғой, өзіңсіз мұңды жаным.
Үнім шықпай, мен іштей шыңғырамын:
"Түсінсеңші сен мені бар қалпыммен,
сарқылмашы мәңгілік, мың бұлағым!"
Саған деген сезімім теңіз сынды:
еш адамға көрінбес төңірегі,
толқындарға батады, көміледі.
Сен осылай құртасың, қуантасың,
тек моншақтар жыр болып өріледі.
Көңілімнен кетіп көп арман,
көзімде тұнып мұңдарым,
сәулелер быт-шыт жоғалған,
құштырып маған құндағын.
Қызғалдақ гүлдер дөң басқан
қызығы тоқтап қалғандай.
Түссе де кенет Жерге Аспан,
қарайтындаймын таңданбай.
Сезім - тұл Күш жоқ кернеген,
өртенуге де аз шамам.
Ғашық боп жүргендерге мен
немкетті жүзбен көз салам.
Кездестің менде жан қалғып,
жүргенде бұлттан Күн шықпай,
бей-жайлығымды талқан ғып,
шыр айналдырдың ұршықтай.
Өртеді-ау мені тәтті ернің,
жолықтың, жаным, кеш нағып...
Күрсіндім осы сәттердің
өткіншілігін еске алып.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза оңғарсынова Сен мені түсінсеңші өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Сен мені түсінсеңші