Мұқағали Мақатаев (Сәби болғым келеді)

 Мұқағали Мақатаев (Сәби болғым келеді)

...Құс та болғым келмейді! Қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

От та болғым келмейді! Жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым –
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы кұлынымдап.

Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың кұшағында.

Тар бесігі - кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру