Шортанбай Қанайұлы (Атамыз - Адам пайғамбар)
Атамыз - Адам пайғамбар,
Топырақтан жаралды...
Сол адамнан таралды,
Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгісі деген бейіштің
Жазғы салқын самалды.
Тәркі деген тамұқтың
Қысқы суық амалды.
Ауыл малы бұралқы
Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы,
Жақсылықтан нәрім жоқ,
Жамандық асқан заманда.
Мегежіннен ұл тумас,
Қайын болмас қабанда.
Балам бар деп мас болма,
Өзіңнің болсын аяңда.
Болмағанның бәрі - сол
Ерлі-зайып араңда.
Малдан зекет бермеген
Аузына құдай кірмеген,
Қайыры жоқ сараң-ды.
Алақандай ай мен күн -
Ғаламның орта жарығы,
Жаббардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.
Құбылаға бас қоймақ -
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қылғанның
Көңілінде құдай барлығы.
Жаяулық пен жалғыздық -
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ -
Қайғының асқан зарлығы.
Қолыңнан құсың қашырсаң,
Қайтып қонбас қолыңа.
Ісің түссе жаманға,
Жағаңнан алар сорыңа.
Көп ішінде аз болсаң,
Әр неме түсер ойыңа.
Ел ішінде жоқ болсаң,
Мін тағылар бойыңа.
Жолдас болсаң жақсымен,
Қолың жетер қырымға.
Топқа кірсең әркіммен,
Таласарсың орынға.
Текті құс қарар Қырымға,
Ит айналар жырымға.
Парақорлар қызығар
Бір қалаштық тиынға.
Құдіреттің жарлығы:
Титтей нәрсе қалсашы
Бұрынғы жаннан ырымға.
...Көп - жалғыздың саясы,
Нар - түйенің жақсысы,
Бауыры сүтті маясы.
Тайып кетсе аяғың,
Дұшпанның қанар табасы.
Арам пиғыл залымның
Тату да болмас құдасы.
Құдай деген мүһминің
Ауыздан кетпес тобасы.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы...
«Сен» демек қиын емес пе
Бұрынғы туған үлкенге?
Атыңды берсең азбассың,
Епті туған ілкімге
Мал-дүниенің жарығы,
Жаратып шырай көркше.
Қызықпаңыз бес күнге,
Бұл дүние қалмас әркімге
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек,
Ақиретте жалған жоқ,
Таразысы басқа бір бөлек,
Өлімге де мал керек.
Өлмей тұрып, тіріңде
Мініп-киіп, ішіп-же,
Айдап барып малыңды
Ғазап үшін бермейсің,
Алтын-күміс абзалың
Өлгеннен соң не керек?
Өлген малың - иманың,
Тіріде қамын жиғаның.
Аманатын алғанша
Жалғанда бар ма қиғаның?
Аз тартайын десең кінә
Сахарменен тұрғаның...
Өлшеулі күнің жеткен соң,
Бұйрық дәмің біткен соң,
Төстіктей қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп- сыйғаның.
Медресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан тәкбір айттырып,
Мешітке қойсаң молдаңды,
Сираттың желі соққанда,
Ораза - намаз панаң-ды.
Тірлікте есіңе ал
Өлгенде жанға пайданы...
Жалғанда титтей пайда жоқ,
Адамның аз күн албауы.
Жорға мініп теңселтіп,
Торғын тоның белсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?
Мал бақтырар пайдаға,
Зекетсіз мал айдама,
Қайыры жоқ ас сақтап,
Дәмді харам шайнама...
Ит жүгіртіп, құс салған
Өнерпаздың өнері.
Өтіп кеткен нәрсеге.
Топырақтан жаралды...
Сол адамнан таралды,
Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат, зорлықтан
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгісі деген бейіштің
Жазғы салқын самалды.
Тәркі деген тамұқтың
Қысқы суық амалды.
Ауыл малы бұралқы
Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы,
Жақсылықтан нәрім жоқ,
Жамандық асқан заманда.
Мегежіннен ұл тумас,
Қайын болмас қабанда.
Балам бар деп мас болма,
Өзіңнің болсын аяңда.
Болмағанның бәрі - сол
Ерлі-зайып араңда.
Малдан зекет бермеген
Аузына құдай кірмеген,
Қайыры жоқ сараң-ды.
Алақандай ай мен күн -
Ғаламның орта жарығы,
Жаббардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.
Құбылаға бас қоймақ -
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қылғанның
Көңілінде құдай барлығы.
Жаяулық пен жалғыздық -
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ -
Қайғының асқан зарлығы.
Қолыңнан құсың қашырсаң,
Қайтып қонбас қолыңа.
Ісің түссе жаманға,
Жағаңнан алар сорыңа.
Көп ішінде аз болсаң,
Әр неме түсер ойыңа.
Ел ішінде жоқ болсаң,
Мін тағылар бойыңа.
Жолдас болсаң жақсымен,
Қолың жетер қырымға.
Топқа кірсең әркіммен,
Таласарсың орынға.
Текті құс қарар Қырымға,
Ит айналар жырымға.
Парақорлар қызығар
Бір қалаштық тиынға.
Құдіреттің жарлығы:
Титтей нәрсе қалсашы
Бұрынғы жаннан ырымға.
...Көп - жалғыздың саясы,
Нар - түйенің жақсысы,
Бауыры сүтті маясы.
Тайып кетсе аяғың,
Дұшпанның қанар табасы.
Арам пиғыл залымның
Тату да болмас құдасы.
Құдай деген мүһминің
Ауыздан кетпес тобасы.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы...
«Сен» демек қиын емес пе
Бұрынғы туған үлкенге?
Атыңды берсең азбассың,
Епті туған ілкімге
Мал-дүниенің жарығы,
Жаратып шырай көркше.
Қызықпаңыз бес күнге,
Бұл дүние қалмас әркімге
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек,
Ақиретте жалған жоқ,
Таразысы басқа бір бөлек,
Өлімге де мал керек.
Өлмей тұрып, тіріңде
Мініп-киіп, ішіп-же,
Айдап барып малыңды
Ғазап үшін бермейсің,
Алтын-күміс абзалың
Өлгеннен соң не керек?
Өлген малың - иманың,
Тіріде қамын жиғаның.
Аманатын алғанша
Жалғанда бар ма қиғаның?
Аз тартайын десең кінә
Сахарменен тұрғаның...
Өлшеулі күнің жеткен соң,
Бұйрық дәмің біткен соң,
Төстіктей қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп- сыйғаның.
Медресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан тәкбір айттырып,
Мешітке қойсаң молдаңды,
Сираттың желі соққанда,
Ораза - намаз панаң-ды.
Тірлікте есіңе ал
Өлгенде жанға пайданы...
Жалғанда титтей пайда жоқ,
Адамның аз күн албауы.
Жорға мініп теңселтіп,
Торғын тоның белсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?
Мал бақтырар пайдаға,
Зекетсіз мал айдама,
Қайыры жоқ ас сақтап,
Дәмді харам шайнама...
Ит жүгіртіп, құс салған
Өнерпаздың өнері.
Өтіп кеткен нәрсеге.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шортанбай қанайұлы Атамыз - Адам пайғамбар өлең стихи на казахском шортанбай канайулы казакша олен, шортанбай қанайұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке шортанбай канайулы, шортанбай канайулы олендери, Атамыз - Адам пайғамбар