Қайсар Қауымбек (Атама)
Шырылдатып, жылатып құс жүректі,
Қас-қағымда зырылдап үш жыл өтті.
Сонау қырда қалқиған бір төбешік,
Үш оранып, ақ қарға үш түлепті.
Қуат қылып иісін тымағыңның,
Жылап тұрып, құшақтай құладым мың.
Көшесі де көзіме жат көрініп,
Үш жылы өтті өзіңсіз бұл ауылдың.
Көңілдегі алысып мың бір мұңмен,
Бәрін білдім мен осы құрғыр күннен.
Қабырғамды енді-енді қозғап едім,
Қанатымды тағы да сындырдым мен.
Жатар едім томпиып құшағыңда,
Қалдым, ата, қайтемін құса-мұңда.
Үш-ақ жылда жаныма қырау қонып,
Азамат боп кетіппін үш ақ жылда.
Биікте емес, күйікте күн кешіріп,
Жолда қалған жандаймын күйме сынып.
Тағы міне өзіңмен тілдесуге,
Қабіріңе барамын сүйретіліп.
Қас-қағымда зырылдап үш жыл өтті.
Сонау қырда қалқиған бір төбешік,
Үш оранып, ақ қарға үш түлепті.
Қуат қылып иісін тымағыңның,
Жылап тұрып, құшақтай құладым мың.
Көшесі де көзіме жат көрініп,
Үш жылы өтті өзіңсіз бұл ауылдың.
Көңілдегі алысып мың бір мұңмен,
Бәрін білдім мен осы құрғыр күннен.
Қабырғамды енді-енді қозғап едім,
Қанатымды тағы да сындырдым мен.
Жатар едім томпиып құшағыңда,
Қалдым, ата, қайтемін құса-мұңда.
Үш-ақ жылда жаныма қырау қонып,
Азамат боп кетіппін үш ақ жылда.
Биікте емес, күйікте күн кешіріп,
Жолда қалған жандаймын күйме сынып.
Тағы міне өзіңмен тілдесуге,
Қабіріңе барамын сүйретіліп.
2006
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қайсар қауымбек Атама өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Атама, ата туралы өлең, ата туралы өлең шумақтары, ата туралы өлең жолдары, ата туралы өлеңдер, стихи на казахском языке про дедушку