Мақпал Мыса (Бәрі де әппақ...)

 Мақпал Мыса (Бәрі де әппақ...)

Мен туған күн қырау шалған қыс еді,
Өңірімді ақ қар жапқан тұс еді.
Ақбастаудың етегіннен ақ өлең
Адалдықпен кілкіп ағып түседі.

Десем де бір көңіл күпті...
сыз кеудем,
Үкіленем үмітімді үзбеумен.
Киік жорық...
Күйіп-тоңып желемін,
Ақ дүниеден адалдықты іздеумен.

Сарсаң кездер сандыратып тұр еді,
Самала шақ салқын тартып жүр еді.
Әппақ қыстың аяулысын аңсатар
Бұл сары күз...
селдіреген сыр еді...

Өлең де аппақ, бәрі де аппақ, жер аппақ,
Біз жүрейік бұл фәниді кел, ақтап.
Кер дүниеде кірлеп қаласаң қарайып,
Ақтарыл бір!
Ақ дүниемен бөлек қап.

Адалдықтың алдында бас иемін,
Ақ өлеңім-арман, арым, киелім.
Әппақ қарда Аллам өмір берген соң,
Ақ дүниені жан-тәніммен сүйемін.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру