Мақпал Мыса (Жанымның жарықтары....)
Жанымның жарықтары,
Құс болып қалықтады.
Аяулы арманымды
Қай жаққа бағыттады?
Лаулаған жан отым ба,
Сағыныш санатында.
Ақ ұлпа аңсарым-ай,
Қаздардың қанатында.
Тербеген тәтті мұңды,
Айдында аққуымды,
Көтерген бақ туымды,
Жаным менің!
Көңілдің кемесіндей,
Өмірдің белесіндей,
Ертегі елесіндей,
Сағым ба едің?
Сағынсам шара бар ма,
Сарғайып саналарда.
Қаздардың қанатымен,
Сол кезім оралар ма?
Жанымның шырақтары,
Мөп-мөлдір бұлақтары.
Қош айтып кеткенің бе,
Жылдар-ай жырақтағы?...
Құс болып қалықтады.
Аяулы арманымды
Қай жаққа бағыттады?
Лаулаған жан отым ба,
Сағыныш санатында.
Ақ ұлпа аңсарым-ай,
Қаздардың қанатында.
Тербеген тәтті мұңды,
Айдында аққуымды,
Көтерген бақ туымды,
Жаным менің!
Көңілдің кемесіндей,
Өмірдің белесіндей,
Ертегі елесіндей,
Сағым ба едің?
Сағынсам шара бар ма,
Сарғайып саналарда.
Қаздардың қанатымен,
Сол кезім оралар ма?
Жанымның шырақтары,
Мөп-мөлдір бұлақтары.
Қош айтып кеткенің бе,
Жылдар-ай жырақтағы?...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мақпал мыса Жанымның жарықтары өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Жанымның жарықтары