Шерхан Талап (Көктемдегі бір күн)
Түріп тастап ызғардың уақытша түндігін,
Келді кеше көктемнің біздер күткен бір күні.
Бірақ менің ішімде әлі ызғар,мұңлы бақ,
Кенет... тылсым қағады тереземді ұрғылап.
Есеңгіреп қалам да... үнсіз тысқа шығамын,
Шығысымда ширыққан сол баяғы шұға күн.
Маған қарап күледі үмітімді жұтып таң.
Күн сәулесі жатады жанарымды қытықтап.
Бұлт ішінде кіл аппақ түсініксіз мүсіндер,
(Тұрам сосын күрсініп, өлең оқып ішімнен)
Сеземін ғой азалы сағынышты ол да мұң,
Келген құстар... кеудеме қиял болып орнады.
Жатар әсем бірінен қарлыққан үн... күй шалқып,
Қанатынан мұңлықтың сағыныштың исі аңқып.
Түрткілейді ішімде әлдебір мұң, күбірлер,
Сон-а-ау қайтқан құстардың сағынышты үнінде.
Менің ғажап мұңымды әнге қосып құс біткен,
Шер-мұңымның шарабын қаңғыр итпен іштік тең.
Содан жерге құладым бөтелке боп ішілген
......................................................................
Жатам сосын мәңгіріп салыстырып түсіммен.

Күнде батқан...
Қайтадан билеп алды терең мұң.
Ой құшамын тағы да өзің жайлы мен енді.
Телефонға телмірген бейуақтағы шақтарда,
Сен де маған, мен саған, мұң айтамын хаттарға:
.............................................................................
Жынданатын шығармын, айналдырған алқаш у!
ТҮСІНБЕЙМІН, қалқам-ай, несін, неден қорқасың?!
...Кей сәттегі сөздерің үміт ете жанды үрген,
Жалғанымнан баз кеше жылатасың, ал бірде...
Табар ма екен дауасын, алты айналсам әлемді.
Емде дейсің өзің кеп... түсініп көр, ал енді.
Айтшы қалқам, оңай ма, түсіндірші қалай бұл?
Бәлки болып жаныңда ем іздермін талай күн.
Жетті мендік төзімде, қалған толып құса мұң,
Ертең қалқам күт мені...
Өзің жаққа ұшамын!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Шерхан Талап Көктемдегі бір күн стихи на казахском өлең олен казакша, Шерхан Талап өлеңдер жинағы, Шерхан Талап стихи на казахском, Шерхан Талап олен казакша, Көктемдегі бір күн, Көктем туралы өлең қазақша, көктем туралы өлең, коктем туралы казакша олен