Ақұштап Бақтыгереева (Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар)
Апа, сенде Тәңір бар, Жасаған бар,
Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,
Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас
Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
Шындықты айтсаң «нақұрыс, тентек» дейді,
Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
Мейірімнен айрылған ортада, апа,
Көз жасқа да көп адам селт етпейді.
Ал біздерде алаяқ, асаған бар.
Тас көше бар, тас үй бар, темір қақпа,
Айқайласаң ашпайды-ау тас адамдар.
Сөзге жауап қатпайды сұрағанмен,
Әділдіктен қашқақтап тұрады әрмен.
Бәрібір, апа, мені жан жұбатпас
Сен өлді деп шыңғырып жылағанмен.
Шындықты айтсаң «нақұрыс, тентек» дейді,
Жүрегіңді жұлып ап көрсет мейлі.
Мейірімнен айрылған ортада, апа,
Көз жасқа да көп адам селт етпейді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: акуштап бактыгереева Апа сенде Тәңір бар Жасаған бар стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Апа сенде Тәңір бар Жасаған бар