Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,
Көңілі орта болса шырқай ма адам?
Жағаңда өскен кезде жай өзен ең,
Бұл күнде сені көру бір той маған.
Ағысың айдынындай ой-кеменің,
Жағанда жазылды алғаш ойлы өлеңім.
Жүздесу өзіңменен той дедім-ау,
Тірлікте көп те болмас той дегенің.
Сырлы әнін сан ғасырдың жиған ағын,
Жағанда туғандарға сыйла дарын.
Келерде жас балаша қуанам да,
Кетерде қимастықпен қиналамын.
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым,
Сен десе жыр жолы боп құйыламын.
Әзірше жыл өткізбей келіп тұрам,
Кім білсін неше келу бұйырарын.
Сені айтса жанарымда күлкі ойнаған,
Көңілі орта болса шырқай ма адам?
Жағаңда өскен кезде жай өзен ең,
Бұл күнде сені көру бір той маған.
Ағысың айдынындай ой-кеменің,
Жағанда жазылды алғаш ойлы өлеңім.
Жүздесу өзіңменен той дедім-ау,
Тірлікте көп те болмас той дегенің.
Сырлы әнін сан ғасырдың жиған ағын,
Жағанда туғандарға сыйла дарын.
Келерде жас балаша қуанам да,
Кетерде қимастықпен қиналамын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: акуштап бактыгереева Ақ Жайық сенсің әр кез сыйынарым стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым, Ақ Жайық сенсің әр кез сыйынарым, ақ жайық туралы өлеңдер